ҚТЖ-ға жаңа басшы тағайындалды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының (ҚТЖ) жаңа басқарма төрағасы болып Талғат Алдыбергенов тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Талғат Алдыбергенов бұл қызметке дейін «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

ҚТЖ басқармасының жаңа төрағасын ұлттық компания ұжымына «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов таныстырды.

Айта кетейік, Талғат Алдыбергенов Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген, 55 жаста. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еске салайық, бұған дейін Даниал Ахметовтың күйеу баласы уақытша ҚТЖ-ны басқаратыны хабарланды. Ал ҚТЖ-ны бұрын басқарған Нұрлан Сауранбаев жуырда көлік министрі қызметіне тағайындалды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.