Абай облысы бойынша қауіпсіздігі орташа колониясында есірткіге қарсы күрес туралы дәріс өтті

Абай облысы бойынша № 20 ҚАЖД қызметкерлері жасақтарды аралап сотталғандармен дәріс өткізді.
Сотталғандар үшін «Есірткінің зияны және оларды қолданудың салдары туралы»тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. Дәрістің мақсаты-сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күресте шараларды күшейту.
Дәріс барысында синтетикалық есірткінің зияны туралы мәселелер талқыланып, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер, толықтырулар, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа баптары жеткізілді.

Қауіпсіздігі орташа мекемесінде тәрбие жұмысы жалғасуда. Мұнда олар жазасын өтеп қана қоймай, түзетуге мүмкіндік алады. Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастықтары есірткі заттарының зияны туралы айтып, бейнеролик көрсетіп, салауатты өмір салтын таңдау арқылы қайта қылмыс жасаудан қалай аулақ болу керектігін түсіндірді. Сондай-ақ өмірден мысалдар келтіріліп, өмірге байсалды және жауапкершілікпен қараудың артықшылықтары талқыланды. Мұндай дәрістер сотталғандарға өткенді қайта қарауға және жаңа болашаққа бейімделуге көмектеседі.
— Мұндай іс — шаралар сотталғандардың көкжиегіне жемісті әсер етеді: өзін-өзі құрметтеуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелейді, салауатты өмір салты адамды еркін және тәуелсіз етеді, оған барлық жағынан саналы таңдау жасауға күш береді, — деп атап өтті мекеме бастығы Жеңісбек Дәуренбеков.

Іс-шара соңында сотталғандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға білікті жауаптар алды.

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Ауқымды жоба ұшқышсыз авиациялық жүйелерді әзірлеушілерді, жерүсті робототехникасы мамандарын,...

Казахстан нарастил производство и экспорт мороженого

35,1 тыс. тонн мороженого произведено в Казахстане  По итогам января–мая...