Қостанай облысында рақымшылық бойынша алғашқы адам бостандыққа шықты

Қостанай облысында рақымшылық бойынша алғашқы адам бостандыққа шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ер адам ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан, бұрын сотталмаған. Үйде оны жұбайы мен үш баласы күтіп отыр.

Қазір Қостанай облысы бойынша ҚАЖД ведомстволық мекемелерінде 2000-ға жуық адам жазасын өтеп жатыр. Рақымшылық жасау туралы заңға сәйкес 300 сотталушы босатылмақ. Бүгін олардың біріншісі бостандыққа шықты.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс жаңа заң жобалары бойынша жұмысты бастағаны хабарланды. Оның ішінде Конституцияның отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасы да бар еді.

Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді

Алматыда көптен бері ашылуы кейінге қалдырылып келген еліміздегі алғашқы крематорий ашылды.

Азық-түлік бағасына бақылау күшейді: 1400-ден астам айыппұл салынды

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мақсатында бақылау шаралары күшейтілді.

Алматыда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде атап өтіледі

Қалада тұрғындар мен қонақтарға достық, ынтымақ және мәдени әртүрлілік сынды ауқымды мерекелік іс-шаралар легі жоспарланған.

Педагогтердің құқығы заңмен қорғалады

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыс­та депутаттар атқарушылық іс жүргізу­ді жетілдіру, педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері туралы заң жобаларын бірінші оқылымда мақұл­дады.

2027 жылдан бастап оқу гранттары өзгереді 

Мәжілісте шетелдік жоғары оқу орындарының Қазақстандағы филиалдарындағы оқу ақысының қымбаттығы мәселесі көтерілді.