Қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру басым бағыттардың бірі болып табылады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады. 

         Жоғарыдағы көрсетілген міндетті орындау мақсатында азамат А. (бұдан әрі -Мемлекеттік қызмет алушы) түскен шағымы негізінде,мемлекеттік қызмет көрсетуде бас тартуға қатысты Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына жоспардан тыс тексеру жүргізді. 

         Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде, мемлекеттік қызмет көрсетуде бас тартудың негізссіз екені және бас тартуда тиісті нормативтік құқықтық актілерге сілтеме дұрыс жасалмағандығы анықталып, Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру және орын алған заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыным енгізілді.

         Сонымен қатар, Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысыҚР ӘҚБтК-нің 465-бабының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 

Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының 

бас маманы

Айдосұлы. А

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының...

Право быть разными и оставаться равными – казахстанская модель общественного согласия представлена в Варшаве

Равенство прав, уважение к культурному многообразию и доступность социальной...

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасаудың жаңа сотқа дейінгі тәртібі

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII «Атқарушылық...

Мемлекеттік аукциондарда сатып алынған көлік құралдарын тіркеу және сотқа дейінгі шағымдану тәртібін сақтау туралы

Тәжірибеде мемлекеттік аукциондарда тәркіленген көлік құралдарын сатып алған азаматтардың...