12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Конституциялық сот – Конституцияның кепілі»

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашада қабылданған.

Осы Конституциялық заңның 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты (бұдан әрі – Конституциялық Сот) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етеді.

Демек, Конституциялық Сот – бірқатар елдер  конституциялық бақылау қызметі  оның басты міндеті болып табылады.

Конституциялық Сотқа Конституцияны қорғау және оның мәребесін қамтамасыз ету міндеті жүктеледі және заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер Конституцияға сай емес деп табуы республика аумағында олардың күшін жоюға әкеп соғады.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық Сот дау туған жағдайда:

      1) Қазақстан Республикасы Президентiнің сайлауын;

      2) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сайлауын;

      3) республикалық референдумды өткізудің дұрыстығы туралы мәселенi шешедi.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2), 2-1) және 3) тармақшаларына сәйкес Конституциялық Сот:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғанға дейін Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған заңдардың;

      2) Қазақстан Республикасының Парламенті және оның Палаталары қабылдаған қаулылардың;

      3) ратификацияланғанға дейін Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды.

      3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес Конституциялық Сот:

      1) Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына ресми түсiндiрме;

      2) тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының Президентiн лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы шешiм, Қазақстан Республикасының Президентiн лауазымынан кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн – белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталуы туралы қорытынды бередi.

Сондай-ақ Конституциялық Сот:

      1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 6) тармақшасына сәйкес конституциялық iс жүргiзу практикасын жинақтап қорыту нәтижелерi бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау жiбередi;

      2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Қазақстан Республикасы Президентінің жолданымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабында көзделген жағдайларда соттардың жолданымдарын қарайды;

      3) Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтардың жолданымдары бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды;

      4) Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жолданымдарын қарайды;

      5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жолданымдарын қарайды.

Конституциялық Сот тек қана құқық мәселелерін шешеді және жүгінуге себеп болған нақты мән-жайларға баға бермейді.

Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары мен қорытындылары қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға жатпайды. Өзге шешімдердің күшіне ену тәртібін Конституциялық Сот айқындайды.

Сонымен қатар, Конституциялық Сотқа:

      1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына кірісуі, Қазақстан Республикасы Парламентінің сайланған депутаттарын тіркеу не республикалық референдумның қорытындысын шығару тоқтатыла тұрады;

      2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша жүгінген жағдайда, тиісті актілерге қол қою не оларды ратификациялау мерзімдерінің өтуі тоқтатыла тұрады;

      3) Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабында көрсетілген мәселелер бойынша жүгінген жағдайда, сотта іс бойынша іс жүргізу толық немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла тұрады.

Нормативтік қаулылар, қорытындылар мен жолдаулар Конституциялық Соттың қорытынды шешімдеріне жатады.

Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары мен қорытындылары Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.

Конституциялық Сот шешімдерді алқалы түрде қабылдайды.

Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары мен қорытындылары қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға жатпайды. Өзге шешімдердің күшіне ену тәртібін Конституциялық Сот айқындайды.

Қорыта айтқанда, Конституциялық сот – Конституция талаптарының сақталуына кепіл болып табылады.

Қарақия аудандық сотының төрағасы С.Қ.Бердібеков

Кәмелетке толмаған балалармен кездесу тәртібін анықтау туралы азаматтық істерді қарау ерекшеліктері

Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 27 бабының 2 бөлігінде балаларына қамқорлық...

Бітімгершілік – биік адамгершілік іс

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы (бұдан әрі - Заң)...

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің тірегі

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік...

  Мекеме мәртебесі кеңсеге істі қабылдау тәртібінен және әдептілігінен басталады

      Хат, арыз, өтінім және тағы басқа талап арыздардың барлығы...

Бейбіт келісімге ұмтылайық

          Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында...