12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызметкер болу үлкен жауапкершілік

Мен мемлекеттік қызметшімін, соның ішінде сот саласында жұмыс атқарамын. Әрине, мемлекеттік қызметкер болу үлкен жауапкершілік. Өйткені, мемлекеттік қызметші – қоғам мен мемлекет айнасы, тіпті биліктің жарқын келбеті десек артық емес.

Жалпы, мемлекеттік қызметті атқару — мемлекет және қоғам тарапынан ерекше сенім білдіру. Сол себептен де, мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылған, бұл өз кезегінде үлкен жауапкершілік, ал мемлекеттік қызметші осы талаптарға сәйкес өз міндеттерін атқару керек.

      3 жыл бұрын, яғни 2022 жылы 31 наурызда Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі Судьялар мен Сот Қызметкерлерінің Күнімен толықтырылып, республикамызда 24 маусымды өзге де мерекелер қатарында атап өтіп жүрміз. Яғни бұл деген сот саласында жұмыс атқаратын адамдардың да өз кәсіби мерекесі бар деген сөз. Демек, енді біздің де өз кәсіби мерекеміз бар деп мақтанышпен айта аламыз.

Мен сот саласында жетекші маман болып жұмыс атқарып келгеніме 2 жылға таяу уақыт болды. Осы уақыт арасында мемлекеттік қызмет, оның ішінде сот саласы жұмысының ішкі жағынан танып-біліп келемін.

         Жалпы, мемлекеттік қызметші, оның ішінде әсіресе сот саласында жұмыс атақаратын мемлекеттік қызметші деген атқа ие болудың өзі үлкен мәртебе деп білемін және сол биік атақты абыроймен ұстау, заңнамада бекітілген қызметтік әдепті сақтау, қызметтік міндеттерін заңнама талаптарына сай орындау — әр мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты және міндеті. Сондықтан, әр-бір мемлекеттік қызметші, мемлекеттің өсуі мен өркендеуі оның жұмысының нәтижесі екенін ұмытпауы қажет.

Мәселен, 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау бойынша төмендегідей талаптар қойылған, яғни мемлекеттік қызметшілер:

      — заңдылық қағидатын басшылыққа алуға;

      — мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, өзінің әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасауға жол бермеуге;

  • мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;
  • жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға;

     — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;

  • қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктерінен тыс тапсырмалар орындауын талап етпеуге;

      — мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінде көзделген өзге де әдеп қағидаларын сақтауға міндетті болып табылады.

      Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы мемлекеттік қызметі туралы Заңында белгіленген тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатынын ұмытпау қажет.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің жалпы стандарттары негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген.

Кодексте «Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді» делінген. Яғни, мұнда қоғамның, халықтың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін білдіруі, мемлекеттік қызметшілерде әдепсіз мінез-құлық жағдайларының болмайтынына сенім білдіруі көрсетілген.

     Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші теріс қылық жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе тіпті қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермей, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Лаура Агинбаева

Бейбіт келісімге ұмтылайық

          Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында...

Заңды өкіл кәмелетке толмаған баланың әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік...

Засовершение административного правонарушения понес наказание законный представитель несовершеннолетнего

            Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области...

ІІМ Алматы академиясында жол қауіпсіздігіне арналған халықаралық конференция өтті

Қатысушылар ЖКО-ның алдын алу, көлік мәдениетін қалыптастыру және халықаралық...

Кенжеғали Қадырұлы өмірден озды

Алматы қаласы Әділет департаментінің ұжымы еліміздің көрнекті заңгері, мемлекет...