Заңды өкіл кәмелетке толмаған баланың әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (әрі қарай – ӘҚБтК) 127-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша азаматша А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

  Іс материалдарына сәйкес, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тұрғыны азамат А.-ның жасы кәмелетке толмаған баласы Н. рұқсатсыз өзінің әкесіне тиесілі «Toyota-Camry» маркалы көлік құралын көлік жүргізугі құқығы жоқ тұлға бола отырып жүргізген, яғни мұнысымен әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекет жасаған.

            Өз кезегінде Н.-нің жасы 16-ға толмағандықтан, оның заңды өкілі азамат А.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотта А.-ның ата-аналық міндеттерін тиісті түрде орындамағандарының салдарынан оның жасы кәмелетке толмаған баласы әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекеті жасағаны іске тіркелген құжаттармен толық дәлелденді.
            Сот қаулысымен азамат А. ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен әкімшлік жаза ретінде 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштің 70% мөлшерінде, яғни  55 048 (елу бес мың қырық сегіз) теңге айыппұл салынды.
 

Қаулы заңды күшіне енген.

Өз тілшіміз

Полиция Алматы усиливает контроль за грузоперевозками

В рамках республиканской акции «Таза Қазақстан» и реализации принципа...

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтуде

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Заң және тәртіп» қағидатын...

Мемлекеттік тіл және сот жүйесі

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік...

Сотталушы адамның іс-әрекетін саралау, қылмыстың қайталануы түрін анықтау мәселесі

     Қылмыстық сот өндірісінде сотталушының іс-әрекетін дұрыс саралау және...

AFM AI Hackathon 2026: қаржылық қылмыстарға қарсы технологиялар

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі әл-Фараби ҚазҰУ бірлесе IT-мамандарды,...