Кенжеғали Қадырұлы өмірден озды

Алматы қаласы Әділет департаментінің ұжымы еліміздің көрнекті заңгері, мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегімен танылған тұлға Карчегенов Кенжеғали Қадырұлының өмірден озуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына, барша әріптестері мен заң қауымдастығына қайғыра көңіл білдіреді.

Кенжеғали Қадырұлы – еліміздің құқық саласында ерекше із қалдырған азамат. Ол 1991 жылдан 2018 жылға дейін еліміздегі ең ірі адвокаттар ұйымы – Алматы қалалық адвокаттар алқасын басқарды. Сонымен қатар, 1991 жылы құрылған Қазақстан адвокаттар одағының негізін қалап,ел адвокатурасының дамуына айрықша үлес қосты.

Оның кәсібилігі, жоғары жауапкершілігі мен адамгершілік қасиеттері әріптестері мен шәкірттерінің, құқықтық қауымдастықтың, жалпы қоғамның үлкен құрметіне бөленді. Адвокатура саласындағы сіңірген еңбегі үшін “Құрмет” орденімен марапатталды.

Кенжеғали Қадырұлының есімі отандық құқық саласының тарихында әділдік пен адалдықтың, кәсіби шеберліктің символы ретінде сақталады.

Алматы қаласы Әділет департаменті марқұмның жақындары мен туыстарына, барша заңгерлер қауымына орны толмас ауыр қайғыға байланысты қайғырып көңіл айтады.
Алла алдынан жарылқап, иманын жолдас, жатқан жерін жайлы етсін.

Толебийский районный суд переехал в новое современное здание

▪️В Туркестанской области в рамках государственно-частного партнерства завершено строительство...

Кассациялық сот сатысы 

Кассация -латын тілінің quasso – талқандаймын, қиратамын, cassatіon – жою,...

Апостиль түсінігі және қолдану тәртібі

Халықаралық қарым-қатынастардың көптеп дамуына байланысты, бір мемлекеттің сот органдарынан...

Республика күні – тәуелсіздіктің темірқазығы

Республика күні халқымыздың тарихындағы айрықша маңызға ие, мемлекетіміздің қалыптасуы...