5 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа ережелер күшіне енеді. Енді әрбір заңсыз кесілген ағаш немесе бұта үшін айыппұл төлеуге тура келеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Finratings.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда жыл сайын өрт, құрылыс жұмыстары немесе абаттандыру кезінде мыңдаған ағаш кесіледі. Жаңа айыппұлдар — экология үшін әрбір ағаштың маңызын еске салу тәсілі.
Экология және табиғи ресурстар министрінің жаңа айыппұлдар туралы бұйрығы ресми ресурста жарияланды.
Енді елімізде жасыл желекті қорғауға қатысты ережелер өзгереді. Рұқсатсыз ағаш кескендер заң алдында жауап береді.
5 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа ережелерге сәйкес, ағаш немесе бұтаны зақымдау немесе заңсыз кесу үшін нақты айыппұл мөлшерлері белгіленген.
Айыппұл мөлшері өсімдіктің түрі мен жасына байланысты есептеледі. Айыппұл айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) есептеледі. 2025 жылы 1 АЕК = 3 928 теңге.
Енді бір ағаштың құны қанша тұрады?
Қылқан жапырақты ағаштар:
- Қарағай, шырша, балқарағай – 58 980-176 940 теңге
- Балқарағай кедрі – 66 776-184 804 теңге
- Арша – 55 048-173 008 теңге
Жапырақты ағаштар:
- Терек, үйеңкі, тал, жөке, қарағаш – 39 320-157 280 теңге
- Қайың, бұталы арша – 47 184-165 144 теңге
Жеміс-жидек және жаңғақ ағаштары:
- Грек жаңғағы, фисташка – 196 600-314 560 теңге
- Өрік, алхоры, орман алмасы, итмұрын – 39 320-157 280 теңге
Бұталар:
- Бұтақты шырғанақ, сары акация, тал және басқалары – 35 388-153 348 теңге
Маңызды ескеретін жайттар:
- Айыппұл әрбір ағаш немесе бұта үшін жеке есептеледі, олар қай жерде өскені маңызды емес.
- Өсімдіктің жасы да есепке алынады: жасы үлкен болса, айыппұл сомасы да көп болады.
- Ерекше жағдайларда бір ағаш үшін айыппұл 300 мың теңгеден асып кетуі мүмкін.
- Тек арамен кескендер емес, құрылыс кезінде, химиялық заттармен улау, түбірге зақым келтіру немесе рұқсатсыз автотұрақ салдарынан ағаш қураса, кінәлі адамға айыппұл салынады.