Неке тіркеу статистикасы: қай ай көш бастап тұр?

Елімізде кейінгі он жылда некенің ең көбі тамызда тіркелген, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2016 жылы бұл көрсеткіш шарықтау шегіне жетіп, бұл айда 16,9 мың неке қиылған. Жалпы, тамызда жыл сайын орта есеппен 14,9 мың неке тіркеледі.

2023 жылдан бастап маусым, шілде және тамызда неке қию үшін ең танымал үштікке кіріп отыр. Ал қаңтар ең аз неке тіркеледі. 2020 жылғы сәуірде, пандемия кезінде, төмен рекорд көрсеткіш тіркелген — небәрі 3,8 мың неке қиылған.

Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.