Алматыда студенттік жатақханаларға мониторинг жұмыстары басталды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала аумағындағы студенттік жатақханаларда мониторинг жұмыстары басталды. Бұл шараның басты мақсаты — жастардың тұрмыс жағдайын зерделеу, жатақханалардағы әлеуметтік-тұрмыстық ахуалды жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу және білім алушылардың құқықтарының сақталуын бақылау.

Мониторинг жұмыстары арнайы жұмыс тобының қатысуымен жүзеге асырылуда. Оның құрамына Жастар саясаты басқармасының өкілдерімен қатар, жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары мен белсенді жастар тартылған. Аталған топ жатақханалардағы санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалу деңгейін, қауіпсіздік шараларын, интернет желісінің сапасын, оқу бөлмелері мен ортақ пайдаланылатын орындардың жағдайын тексереді.

Жастар саясаты басқармасының өкілдері бұл бастаманың басты міндеті — студенттердің тұрмыстық мәселелерін нақты деректер негізінде анықтап, оқу орындарымен және тиісті мекемелермен бірлесіп шешу екенін атап өтті.

Алдағы уақытта мониторинг нәтижелері бойынша тиісті ұсыныстар әзірленіп, жатақхана жағдайын жақсартуға бағытталған нақты шаралар қабылданады. Бұл жұмыс — Алматы жастарына қолайлы өмір сүру және білім алуына септігін тигізуге бағытталған.

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...