Алматылық жастар Қазақ күресінен өткен республикалық чемпионатта жүлделі орынға ие болды

2025 жылдың маусым айында Қостанай қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақ күресінен Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Аталған додаға еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық үздік жас балуан қатысты.

Чемпионатқа Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы «Қазақ күресі» демалыс орталығының алты спортшысы қатысып, өз шеберліктерін паш етті. Нәтижесінде, қос бірдей жас балуан жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, 74 келі салмақ дәрежесінде белдескен Еркінұлы Жігер қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал 70 келіде сынға түскен Мақсатқызы Шұғылақола жүлдегеие болды.

«Бұл – менің алғашқы ірі жеңісім. Осындай мүмкіндік берген жаттықтырушыларыма және демалыс орталығындағы ұстаздарыма алғысым шексіз. Болашақта ел чемпионаттарында ғана емес, халықаралық ареналарда да ел намысын қорғағым келеді», – дейді чемпион Еркінұлы Жігер.

Айта кету керек, Алматы қаласындағы демалыс орталықтарының жұмысы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады. Осындай жүйелі қолдаудың арқасында жас спортшылар өз қабілеттерін дамытып, республикалық деңгейдегі жарыстарда өңір намысын абыроймен қорғап келеді.

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...