spot_img
spot_img

Жүйе жұмысындағы жасанды интеллектінің маңызы

Ресми мәліметтер Қазақстанда қызметтің 92 пайызы электрондық форматта жүргізілетінін көрсетіп отыр. Бұл ретте, яғни, онлайн қызметтерді дамытуда еліміз БҰҰ рейтингінде 8-орында тұр.  Мұны айтып отырғанымыз, заман талабына сай, сот жүйесіне де онлайн қызметтер кеңінен енгізілуде. Мысалы,  электронды сот төрелігінің азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жедел әрі тиімді қорғауда, сонымен бірге, сот төрелігін неғұрлым қолжетімді және ашық етуде ықпалы зор. 

Республикамыздың сот жүйесі өз қызметіне жасанды интеллектіні енгізуді бұдан алты жыл бұрын қолға алған болатын.  Яғни, 2019 жылы жол картасы шеңберінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Сот шешімдерін іздеу және болжау жобасын» іске қосты. Бұдан әрі нақтыласақ, Қазақстан-Британ техникалық университетінің мамандары мен бизнес өкілдері, сот саласы қызметкерлері бірлесіп жасаған жоба нәтижесінде сот практикасын цифрлық талдайтын әрі сот істерінің нәтижесін бол­жайтын жасанды интеллект құралы GPT Chat қолданысқа кірді.

Еуро­ко­миссияның (СЕПЕЖ) 2020-2022 жыл­дардағы соттар­дың IT-технологияларды қолда­ну туралы шо­луында Қазақстан сот жүйесінде цифр­ландыруды дамыту, сондай-ақ, сот төре­лі­гі­нің тиімділігін арттыру  тұрғысынан 47 ел­дің ішінде 4-орын­нан көрінді.  Қазақстандықтар бүгінде сот ғимаратына келмей-ақ, сотқа жүгініп, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғай алады. Қазіргі таңда сот ісін жеңілдету барысында озық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен пайдалануға барынша көңіл бөлінуде. 

Соның жарқын көрінісі ретінде жүйе жұмысына роботтардың енгізілгенін айтуға болады. Қазіргі кезде жасанды интеллект сот процестерінде тиімді қолданылып жатыр, компьютерлік бағдарламалар, яғни, роботтар істерді таңдап, оларды сотқа жіберу жұмыстарын орындайды.Мысалы, Қазақстанда 2 миллион істегі 655 мың материалдың роботты техниканы қолдану арқылы қаралғанын ақпарат көздері растайды. Егер робот қандай да бір техникалық қате жіберсе, судья оны түзете алады. Қабылданған шешім үшін жауапкершілік судьяға жүктеледі, сондықтан, бұл мәселеде конституциялық ережелер бұзылмайды. Есесіне, жасанды интеллекттің әлеуеті әділдік пен ашықтықты, қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазіргі міндет – елі­міз­дегі ІТ-мамандардың, са­рап­шы­лар­дың, ғалымдардың ба­сын қосып, олардың күш-жігерін тиімді пайдалану, халық­ара­лық серіктестер­дің зор мүм­кін­дігін еліміздің кәдесі­не жарату» деген болатын. Бүгінде бұл міндеттер біртіндеп орындалуда.

Жасанды интеллект ел аза­маттарына  өз талап-арыздарының қа­ралу барысын бақылау мүмкіндігін берді. Сотқа жүгінушілер осы арқылы уақыт пен  материалдық ре­сурстарын тиімді пайдаланады. 

Соттарды цифрландыру  сот жүк­те­месін азайтып, судья­лардың күрделі істерге жіті назар аударуына жағдай туғызуда. Сонымен қатар, цифрландыру жүйе жұмысының ашық­тығы мен қолжетімділігін арттырып, біркелкі сот практикасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Жасанды интеллектіні енгізу ІТ сервистер арқылы сот төрелігіне кедергісіз және ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ету, сот ісін жүргізуді автоматтандыру, озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, үлкен деректермен жұмыс істеу, оның ішінде электрондық соттарды, қылмыстық істерді басқару жүйесін, сөйлеуді тану функциясын құру, оны мәтін форматына түрлендіру, жұмыс процестерін автоматтандыру мақсатын көздейді.

Ерлан Бимакаев,

Алматы қаласы Алмалы ауданының№2 аудандық соты әкімшісінің басшысы 

Волонтёры Алматы организовали кинопоказ для более 100 детей из детских домов

В Алматы волонтёры организовали тёплую и запоминающуюся встречу для...

В Алматы началась работа по мониторингу студенческих общежитий

При поддержке Управления молодежной политики города Алматы стартовал мониторинг...

Алматыда студенттік жатақханаларға мониторинг жұмыстары басталды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала аумағындағы студенттік...