ҚАЛАМ ИЕЛЕРІНЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ ЖОҒАРЫ

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қадірлі журналистер мен ақпарат саласының ардагерлері!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Судьялар одағының атынан кəсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Бұл мереке – шындық пен əділдік жолында қажырлы еңбек етіп жүрген қалам иелеріне деген қоғамның шынайы құрметінің белгісі. Журналист болу – жоғары жауапкершілікті, терең білім мен кəсіби шеберлікті, азаматтық ұстаным мен биік парасатты талап етеді. Сіздердің əрбір сөздеріңіз – елдің санасына серпіліс əкеліп, əділеттіліктің үстем болуына ықпал етеді. Осы саладағы өлшеусіз еңбектеріңіз үшін алғысымыз зор. Қазақстан Республикасының сот жү йесі бүгінгі таңда қоғам өмірінің барлық саласына əсер етіп отыр. Сол себепті ашықтық пен жариялылық – басты қағидаттың бірі. Сот саласының ресми сайттары мен əлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеуі – халыққа жақын болып, қоғаммен байланыс орнатудағы жаңа үлгі. Бұл үдерісте ақпарат құралдары – қоғам мен сот арасындағы алтын көпір болып табылады. Сот жүйесі мен журналистер арасындағы өзара түсіністік пен сенімге негізделген байланыс – құқықтық мəдениетті қалыптастыру, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру жəне заң үстемдігін нығайту жолындағы маңызды тетік. Осы орайдағы журналистердің кəсіби шеберлігі, əділеттілікке деген адалдығы жəне мүддеге бағытталған жауапты ұстанымы ерекше атап өтуге тұрарлық. Сіздердің қаламдарыңыз – əділеттің жаршысы, халықтың сенімді серігі. Сөздеріңіз – тек ақпарат көзі емес, ұлттың ой-санасын қалыптастыратын рухани күш. Сондықтан да шығармашылық ізденістеріңіз бен адал еңбектеріңіз ел мүддесіне қызмет етіп келеді. Құрметті ақпарат саласының майталмандары! Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, биік кəсіби табыс тілейміз. Жаңа идеяларыңыз ұзақ мерзімді нəтижеге жетелеп, əрбір мақалаңыз қоғамның даму жолына тың серпін беріп, шындық пен заң үстемдігін насихаттаудағы еңбектеріңіз еселене берсін! Еліміздің игілігі мен өркендеуі жолындағы қызметтеріңізге сəттілік əрдайым серік болсын! Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Досжан ƏМІР, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, ҚР Судьялар одағының төрағасы

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.