Тіл – мемлекеттік қызметтегі маңызды құрал

Тіл – ұлттың жаны, елдіктің негізі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Конституцияның 7-бабында қазақ тілі – мемлекеттік тіл екені айқын көрсетілген. Бұл – әрбір азаматқа, әсіресе мемлекеттік қызметкерлерге үлкен жауапкершілік жүктейді.

Сот жүйесінде қызмет атқаратын маман үшін тіл мәдениеті – кәсіби біліктіліктің бір бөлігі. Құжаттарды сауатты рәсімдеу, ресми хаттармен жұмыс, тараптармен түсінікті әрі нақты сөйлесу – бәрі де тілді меңгеру деңгейімен тікелей байланысты.

Сот төрелігін жүзеге асыруда тіл тек қатынас құралы ғана емес, әділеттіліктің діңгегіне айналады. Себебі заңды түсінікті жеткізу, тараптардың уәждерін дәлме-дәл баяндау, шешімді айқын жазу – сот қызметкерінің тілді дұрыс қолдануына тәуелді.

Мемлекеттік тілді құрметтеу – әрбір сот маманының парызы. Тілге деген құрмет – елге, заңға деген құрмет. Сондықтан тіл мәдениетін арттыру, заңнамалық терминдерді дұрыс пайдалану және сөйлеу әдебін сақтау – кәсіби шеберлікті шыңдай түседі.

Ақтөбе қаласының әкімшілік 

құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық 

сотының бас маманы                                           Райхан Жекебаева

Кассациялық сот жүйесі – азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Құқықтық мемлекет құрудың басты қағидаттарының бірі - әрбір азаматтың...

ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ТІРЕГІ – КӘСІБИ БАСҚАРУШЫЛАР

Қазіргі кезеңде өңірлердің тұрақты дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру...

Изменение состава учредителей в некоммерческих организациях и изменение руководителя юридического лица

Изменение состава учредителей (участников, членов) некоммерческой организации, а также...