Қыркүйектен бастап мобильді аударымдарды тексеру бойынша жаңа ереже күшіне енеді

Қазақстанда қыркүйектен бастап мобильді аударымдарды тексеру бойынша жаңа ереже күшіне енеді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ержан Біржановтың сөзінше, мобильді аударымдар екі айдан кейін жаңа тәсілмен тексеріле бастайды.

«Бүгінгі күнге дейін мобильді аударымдар мониторингі бойынша ақпарат алып отырмыз. Бұған дейін басқа ереже болды. Енді үшінші ережені қарастыратын бұйрық та дайын. Ол бүгінгі заң жобасынан кейін қабылдануы керек (салық мәселелері бойынша — еск.). Заң қабылданды, 60 күн ішінде күшіне енеді. Біз де нормативтік құжатты қабылдаймыз. Қыркүйекте күшіне енеді», — деді Ержан Біржанов.

Журналистер туыстар арасындағы ақша аударымдары тексеріліп-тексерілмейтінін сұрады. Вице-министрдің айтуынша, бұл үш ай ішінде ақша аударған 100 түрлі адам болуы керек. Балалары немесе ата-анасы ақша аударса, сомасы маңызды емес, тексерілмейді.

«Егер анасы қызына ақша жіберсе, ешқандай сұрақ жоқ. 1-2 миллион болса да, ешқандай мәселе жоқ. Барлық шарт бір уақытта жұмыс істеуі керек. Біріншісі: 100 түрлі адам. Сізге жыл сайын ақша жіберетін 100 туысыңыз жоқ шығар. Екіншісі: егер үш ай қатарынан 100 адам бір адамға ақша аударса. Үшіншісі: сомасы 1 миллион теңгеден асуға тиіс», — деді Біржанов.

Қанша ақша аударуға болады?

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті 3 ай ішіндегі мобильді аударымдар бойынша шек 12 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) деңгейінде белгіленгенін хабарлады. 2025 жылы бұл  — 1 020 000 теңге.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.