Президент рақымшылық туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент рақымшылық туралы заңға қол қойғанын жариялады.

«Қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіру, жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Осыдан үш жыл бұрын елімізде жалпыұлттық референдум өтті. Азаматтарымыздың көпшілігі Ата заңға түзету енгізуді қолдап дауыс берді. Реформаның нәтижесінде еліміздің саяси құрылымы түбегейлі жаңғырды. Адам құқықтарын қорғау жүйесінде ауқымды өзгерістер жасалды. Конституциялық Сот құрылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебе берілді. Оның құзыреті кеңейді. Өлім жазасы біржола алынып тасталды. Мұның бәрі – Конституциямызға тән ізгілік рухының көрінісі», — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, Ата заңымызға сәйкес адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары — ең қымбат қазына.

«Биыл Конституция қабылданғанына 30 жыл толады. Осыған орай құқық қорғау құрылымдары, депутаттар мен құқық қорғаушылар сотталған азаматтарға рақымшылық жасау туралы бастама көтерді. Парламент тиісті заңды қарады, мен бұл заңға қол қойдым. Осы ізгі шараның арқасында жазасын өтеп жатқан 15 мыңнан аса адамға амнистия жарияланды. Соның екі мыңнан астамы бостандыққа шығады. Қалғандарының жаза мерзімі қысқарады. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар ғана рақымшылыққа ілінеді. Ең алдымен әлеуметтік жағынан осал топқа жататын адамдарға, яғни баласы бар әйелдерге, егде адамдарға, кәмелет жасына толмағандарға және осы санаттағы басқа да азаматтарға кешірім беріледі. Мұны жаза басқан жандарға жасалған нақты көмек, олардың қоғамға қайта оралуына жағдай жасау деп түсіну қажет. Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ, бұл – шын мәнінде қайырымды елге тән сипат», — деді Мемлекет басшысы.

Инклюзивті жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер тізімі жарияланды 

Электрондық еңбек биржасында мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізбесі жарияланды. 

Қазақстанда еңбек кітапшасы жойыла ма? Министрлік түсіндірді 

Қазақстанда еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕАБЖ) қатысты талаптар күшейтілді.

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті 

Әйгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті.

Когда счет идет на секунды

ДЕПУТАТЫ МАЖИЛИСА БЬЮТ ТРЕВОГУ – В КАЗАХСТАНЕ СИСТЕМА ПОЖАРНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ И РЕАГИРОВАНИЯ НА ЧРЕЗВЫЧАЙНЫЕ СИТУАЦИИ СТАЛКИВАЕТСЯ С ТАКИМИ ОГРАНИЧЕНИЯМИ, ПРИ КОТОРЫХ ЭКСТРЕННЫЕ СЛУЖБЫ НЕ ВСЕГДА МОГУТ СВОЕВРЕМЕННО ДОБРАТЬСЯ ДО МЕСТА ПРОИСШЕСТВИЯ, А ИНФРАСТРУКТУРА ЭВАКУАЦИИ НАСЕЛЕНИЯ ПРИ ЗЕМЛЕТРЯСЕНИЯХ ФАКТИЧЕСКИ НЕ ИМЕЕТ ЧЕТКОГО НОРМАТИВНОГО ЗАКРЕПЛЕНИЯ.

Қазақстанда тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады: Нені білу керек? 

Қазақстанда әр азаматтың жер алу құқығы заңмен бекітілген. Соған қарамастан, іс жүзінде бұл процесс әлі де күрделі әрі ұзақ уақытты талап етеді.