12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз болашақтың негізі

             Қазіргі қоғамда азаматтардың құқықтық сауаттылығы – елдің тұрақты дамуы мен әділеттілікті қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі. Әсіресе жастар арасында құқықтық білімнің маңызы жыл өткен сайын артып келеді. Себебі өз құқығын біліп, заңға сай әрекет ете алатын ұрпақ – болашақта жемқорлыққа да, қылмысқа да тосқауыл бола алатын күшке айналады. Осы мақсатта Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Комьюнити орталығында жастарға арналған құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті.

            Шараға ауданның белсенді жастары, колледж студенттері мен еріктілер қатысты. Кездесуде құқық қорғау саласының мамандары мен арнайы сала сарапшылары жастармен ашық әңгіме құрып, құқықтық мәдениеттің негіздері жайлы кеңінен баяндады. Әсіресе есірткі заттарының заңсыз айналымы, оны тасымалдау мен таратуға қатысты заңнамалық жауапкершілік мәселелері басты назарға алынды.

           Шынын айтқанда заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды. Қазіргі таңда кейбір жастар есірткіні тек қолданғаны үшін емес, тіпті жәй ғана жеткізіп бергені үшін де ауыр жазаға тартылатынын түсіне бермейді. Сондықтан бүгін осы бағыттағы құқықтық нормаларды нақты мысалдармен түсіндірген қылмыстың алдын-алу болып саналады.

Кездесу барысында студенттер өздерін мазалаған сауалдарын қойып, нақты әрі тұшымды жауаптар алды. Шараның интерактивті форматта өтуі қатысушылардың қызығушылығын арттырып, құқықтық сауаттылыққа деген ынтасын оятты. Жетісу аудандық Комьюнити орталығының бастамасымен қолға алынған бұл жоба жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және есірткіге қарсы иммунитетті нығайтуға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер бір реттік акция емес, жүйелі түрде өтетін болады.

– Біз жастарды қателіктерін тек көрместен бұрын, олармен ашық сөйлесіп, түсіндіруді маңызды деп санаймыз. Әр адам өз әрекетінің заң алдындағы салдарын білуі тиіс. Құқықтық сауатты ұрпақ  елдің қауіпсіз әрі әділетті болашағы, – дейді ұйымдастырушылардың бірі.

Айта кету керек, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да құқық қорғау органдарының қатысуымен тұрақты түрде өткізілмек. Бұл – заң мен тәртіптің үстемдігін нығайтуға бағытталған нақты қадам. Қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру арқылы жастарды зиянды әрекеттерден қорғау – мемлекет пен азаматтық қоғамның ортақ міндеті екені айқын.

Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Заң мен тәртіп – еліміздің тұтастығы мен дамуының берік негізі» деген ұстанымы ерекше мәнге ие. Президент белгілеп берген бұл қағидат қоғамдағы тәртіп пен әділдікті қамтамасыз етудің басты бағдарына айналуы тиіс.

Қала жастарына арнап өткен кездесу  – ел жастарының құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, Мемлекет басшысы ұстанған қағидаттардың өмірде нақты іске асып жатқанын көрсететін жарқын мысалдардың бірі.

                                                                                    Берікболұлы Айбек

Полиция болу – абыройлы қызмет, мәртебе мен міндет!

Астана қаласының ПД жол-патурульдік полициясы полк командирінің орынбасары Айбек...

«Каспий» биржасы Қазақстанды EUROPEX Бас Ассамблеясында таныстырды

18-20 маусым аралығында «Каспий» тауар биржасы» АҚ делегациясы Норвегия...

Disney мен Pixar студияларының «Элио» фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге...