«SkinCare» мастер-класс

Алматы қаласында орналасқан Жетісу комьюнити орталығында, Боткин көшесі, 18/1 мекенжайында косметолог Темірбаева Қарлығаштың қатысуымен бет терісіне күтім жасау бойынша шеберлік сабағы өтті. Шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – әйелдер қауымын күнделікті тері күтімінің дұрыс әдістерімен таныстырып, кәсіби кеңес беру болды.

Шара барысында қатысушылар:

— Тері күтімінің негізгі қадамдарын;

— Әртүрлі тері түрлеріне арналған өнімдерді дұрыс таңдауды;

— Косметологтың практикалық ұсыныстары мен жеке кеңестерін

үйренуге мүмкіндік алды.

Темірбаева Қарлығаш – тәжірибелі маман ретінде қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз тәжірибесінен пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Іс-шара жылы әрі сенімді атмосферада өтіп, қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды. Олар бұл шеберлік сабағынан алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға дайын екендіктерін жеткізді.

Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, болашақта да осындай пайдалы кездесулердің жиі өткізілуін тіледі.

Сот кабинеті – құқыққа қолжетімдіктің заманауи тетігі

Қазіргі цифрлық даму кезеңінде мемлекеттік қызметтердің барынша қолжетімді әрі...

Үкіметтің 2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалды — Мәди Такиев

Үкімет 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын толық...

Все социальные обязательства Правительства в 2025 году исполнены — Мади Такиев

Правительство в полном объеме обеспечило выполнение социальных обязательств по...