«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін — білім» деп М. Әуезов атап көрсеткеніндей, егемен елдің келешегі кемел білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты.
Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын да қызықты іс. Алайда, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
№ 14 орта мектебі 2018 жылдан бері дарынды балалармен өте тығыз жұмыс жасап қазіргі уақытта соның жемісін көруде.2024-2025 биылғы оқу жылында да оқушыларымыз қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық ғылыми конкурстарда өздерінің қабілеттерін өте жоғары деңгейде көрсетті. Биылғы оқу жылының дарынды оқушыларын атап айтатын болсақ Какишев Бекмахамбет, Жұмахан Рамазан, Жайшылық Аяжан, Есен Нұрай, Шахарова Амина, Ахатова Элинур, Қастерқызы Гаухар, Әділбек Мадина мен Темірбек Назерке.
Жұмахан Рамазан 2024-2025 оқу жылында қалалық, облыстық республикалық, халықаралық ғылыми жобалар конкурстарынныңжүлдегері. «Жастардың инновациялық идеялары – болашаққа бастар жол» 2-11 сынып оқушыларына, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне арналған республикалық ғылыми жобалар конкурстан ол Гран — при дипломмен мараппаталды. Франция республикасы Париж қаласында 25 сәуір 2025 ж. өткен «The Big Progress» оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы бойынша ол 1 орындарға ие болды. «Адам-Жер-Ғарыш» қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының бүкілресейлік олимпиадасы 21 – 26 сәуір 2025 ж. Королев қаласы (Ресей Федерациясы) аралығында өтіп, сол жерден Рамазанжобаны қорғап жүлделі 1 орынға ие болды. 2025 жылдың 3-5 сәуір аралығында өткен «Фараби әлемі» Халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясының Жұмахан ІІІ дәрежелі жүлдегері. Осындай жетістікке жету үшін 2 жыл уақыт Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институтына барып Жұмахан Рамазан жұмыс жасады. Жетекшілері биология пәнінің мұғалімдері Жуыстай Аида Ғабитқызы, Ахмоллаева Жанарам Мырзахметовна және химия пәнінің мұғалімі Сарсенғали Перизат Сержанқызы.
Какишев Бекмахамбет 2024-2025 оқу жылында қалалық, облыстық республикалық, халықаралық ғылыми жобалар конкурстарынның жүлдегері. 2025 жылғы 18-21 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (РҒЖК) жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша төртінші (қорытынды) кезеңі өтті. Бұл кезеңде еліміздің әр өңірінен көпсатылы іріктеу кезеңдерінен өткен ең үздік жас зерттеушілер өз жұмыстарын қорғады. Сол жерден Какишев Бекмахамбет ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Жастардың инновациялық идеялары – болашаққа бастар жол» 2-11 сынып оқушыларына, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне арналған республикалық ғылыми жобалар конкурстан ол ІI дәрежелі дипломмен мараппаталды. «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсында Бекмахамбет ІII дәрежелі дипломмен мараппаталды. 16 мамыр 2025 ж. алғаш өткен «І Жас зерттеушілер форумына» қатысып Какишев Бекмахамбет «Алғыс хатпен» марапатталды. Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Турлыбаева Ботакоз Амангельдиновна.
Жайшылық Аяжан 2024-2025 оқу жылының қалалық, республикалық, халықаралық ғылыми жобалар конкурстарынныңжүлдегері. «Жастардың инновациялық идеялары – болашаққа бастар жол» 2-11 сынып оқушыларына, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне арналған республикалық ғылыми жобалар конкурстан ол І дәрежелі дипломмен мараппаталды. Франция республикасы Париж қаласында 25 сәуір 2025 ж. өткен «The Big Progress» оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы бойынша ол 1 орындарға ие болды. «Адам-Жер-Ғарыш» қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының бүкілресейлік олимпиадасы 21 – 26 сәуір 2025 ж. Королев қаласы (Ресей Федерациясы) аралығында өтіп, сол жерден жобаны қорғап жүлделі Аяжан 1 орынға ие болды. 2025 жылдың 3-5 сәуір аралығында өткен «Фараби әлемі» Халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясының ол ІІI дәрежелі жүлдегері.2025 ж. «Математика және жобалау» халықаралық конкурстан Жайшылық ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшілері математика пәнінің мұғалімі Бейсенова Ақмарал Ерғалиқызы мен ағылшын пәнінің мұғалімі Цой Светлана Валентиовна.
Ахатова Элинур 2024-2025 оқу жылында қалалық, облыстық республикалық, халықаралық ғылыми жобалар конкурстарынныңжүлдегері. «Жастардың инновациялық идеялары – болашаққа бастар жол» 2-11 сынып оқушыларына, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне арналған республикалық ғылыми жобалар конкурстан Ахатова ІII дәрежелі дипломмен мараппаталды.
Ө. Жолдасбеков атындағы 11(12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсында Элинур ІI дәрежелі дипломмен мараппаталды. Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Джумагалиева Зулхумар Сапарбаевна. Бұл конкурс жыл сайын өткізіледі, соның арқасында Қазақстанның дарынды балалары өз идеяларын ғылыми салада жүзеге асыру үшін ғылыми жобаларын ұсына алады.
Шахарова Амина 2024-2025 оқу жылында қалалық, облыстық республикалық, халықаралық ғылыми жобалар конкурстарынныңжүлдегері. «Жастардың инновациялық идеялары – болашаққа бастар жол» 2-11 сынып оқушыларына, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне арналған республикалық ғылыми жобалар конкурстан ол І дәрежелі дипломмен мараппаталды. Франция республикасы Париж қаласында 25 сәуір 2025ж өткен «The Big Progress» оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы бойынша Амина 1 орындарға ие болды. «Адам-Жер-Ғарыш» қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының бүкілресейлік олимпиадасы 21 – 26 сәуір 2025 ж. Королев қаласы (Ресей Федерациясы) аралығында өтіп, сол жерден жобаны қорғап жүлделі ол1 орынға ие болды. 2025 жылдың 3-5 сәуір аралығында өткен «Фараби әлемі» Халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясының Шахарова І дәрежелі жүлдегері. 2025 ж «Математика және жобалау» халықаралық конкурстан ол ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшілері орыс тілі пәні мұғалімі Досова Самал Жалдыбаевна мен ағылшын пән мұғалімі Жиымбай Айдана Қайратқызы.
Есен Нұрай 2024-2025 оқу жылында қалалық, облыстық республикалық, халықаралықғылыми жобалар конкурстарынның жүлдегері. «Жастардың инновациялық идеялары – болашаққа бастар жол» 2-11 сынып оқушыларына, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне арналған республикалық ғылыми жобалар конкурстан ол Гран — при дипломмен мараппаталды. Франция республикасы Париж қаласында 25 сәуір 2025ж өткен «The Big Progress» оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы бойынша Есен Нұрай 1 орындарға ие болды.
2025 ж. «Математика және жобалау» халықаралық конкурстан ол І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшілері математика пәндерінің мұғалімдері Муратов Асқар Аманқосұлы мен Муратов Аманқос Аманбаевич.
Бұл конкурстың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың математикаға, ғылыми-зерттеу және жобалық іс-әрекетке деген қызығушылығын дамыту; дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау;математика және информатика мұғалімдерінің біліктілігін арттыру; математика және информатика бойынша сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды белсендіру; студенттер мен мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерін дамыту.
Қастерқызы Гауһар 2024-2025 оқу жылында қалалық, облыстық республикалық, халықаралық ғылыми жобалар конкурстарынның жүлдегері. 5-8 сынып оқушылары арасында өткен зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Денсаулықты бала кезінен сақтаймыз» облыстық конкурсының Қастерқызы І дәрежелі жүлдегері. 5-8 сыныптар арасында өткен «Pro Eco» экологиялық республикалық конкурстың ол ІІ дәрежелі жүлдегері. 2025 жылдың 3-5 сәуір аралығында өткен «Фараби әлемі» Халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясының Гауһар І дәрежелі жүлдегері. Франция республикасы Париж қаласында 25 сәуір 2025 ж. өткен «The Big Progress» оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы бойынша ол 1 орындарға ие болды. Жетекшілері информатика пәнінің мұғалімдері Саркеев Манат Төкенұлы мен Баймұханбетова Кәмила Кәділқызы.
Темірбек Назерке мен Әділбек Мадина 2024-2025 оқу жылында қалалық, облыстық республикалық ғылыми жобалар конкурстарынның жүлдегері.
2024-2025 оқу жылындағы қалалық (І дәрежелі дипломмен), облыстық (І дәрежелі дипломмен), республикалық (ІІІ дәрежелі дипломмен) «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсының марапатталды. Жетекшісі технология пәнінің мұғалімі Жиымбай Мадина Қайратқызы.
Дарынды баланың қабілетін дамытуда мұғалім мен ата-ананың рөлі зор. Мұғалімдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық тапсырмалар мен жобалар арқылы олардың потенциалын ашуға көмектеседі. Ата-аналар болса, баланың қызығушылықтарын қолдап, қажетті ресурстармен қамтамасыз етуі тиіс. Дарынды балалар – ұлттың болашағы. Олардың қабілеттерін дер кезінде танып, дамыту арқылы біз еліміздің интеллектуалдық, ғылыми және мәдени әлеуетін арттыра аламыз. Бұл – мемлекет, қоғам, мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен еңбегінің нәтижесі.