СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік кейінгі уақытта АҚШ-тың Иранға жасаған әскери әрекеттері салдарынан «біздің аймақта орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төндіріп, халықаралық жағдай күрт нашарлап бара жатқанын» атап өтті.

Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Каспий маңы елдер тобына кіретінін және Иранмен түрлі салаларда ынтымақтастық орнатып жатқанын жеткізді.

«Біздің ел барлық қайшылық, оның ішінде ядролық мәселелер де БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер арқылы шешілуге тиіс деп санайды. Ядролық қарудың таралуына жол бермеу және оны таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдік беру мақсатында барлық мүдделі тараптарды келісім әзірлеуге шақырамыз», — делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.

Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасағанын, америкалық ұшақтар Иран әуе кеңістігінен шыққанын және АҚШ-қа оралғанын мәлімдеген. Сонымен қатар, Трамп әкімшілігі бұл шабуыл туралы Израильді алдын ала құлағдар еткен. Иран бұл шабуылдарды растады.

Бұған дейін Трамп Иранға соққы жасау туралы шешімді екі апта ішінде қабылдайтынын айтқан еді, ал АҚШ вице-президенті бұл соғысқа тікелей қатысуға қарсы екенін мәлімдеген.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.