12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қылмыстың өтеуі — жаза

Халықтың құқықтық сауатын көтеруге атсалысу әрбір заңгердің міндеті. Осы мақсатта мақалада ҚР Қылмыстық кодексінің 44, 46 баптары түсіндіріледі. Бұл баптарға тоқталып отырғанымыз бекер емес, өйткені, кеі азаматтар бас бостандығынан шектеу мен бас бостандығынан айыру жазаларының айырмашылығын түсіне бермейтіні байқалады. 

Аталған кодекстің 44-бабымен айқындалғандай, бас бостандығын шектеуге сотталған адам алты айдан жеті жылға дейін пробациялық бақылауға алынады. Сонымен қатар,  ол жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде әр жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі түрде жұмысқа тартылады. Бас бостандығы шектелген сотталушы жазасын тұрғылықты жерінде қоғамнан оқшауланбай өтейді. Ал мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар күніне 4 сағаттан асырмай қоғамдық орындарда ұйымдастырады. 

Айтып өтерлігі, тұрақты жұмыс істеп немесе оқып жүріп сотталғандар, кәмелетке толмағандар, жүктi және 3 жасқа толмаған баласы бар, сондай-ақ, 58-дегі және одан асқанәйелдер мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Бұл қатарға  3 жасқа дейiнгi баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер мен алпыс үштегі және ол жастан асқан ерлер,  I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ, жазасы алты айдан аз мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырылған сотталғандар да кіреді.

  Пробациялық бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады, бұл ретте сотталушының міндеттері осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген.  Жазаны өтеуденқаскөйлікпен жалтарғандардың өтелмеген мерзімі бас бостандығын шектеудiң бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

  46-бапқа сәйкес, бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын қылмыстық-атқару жүйесінде өтейді, яғни, ол қоғамнан оқшауландырылады. Бас бостандығынан айрылған адам 18 жасқа толмаған болса ол кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесіне жіберіледі.

Қылмыстық кодексте көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн бас бостандығынан айыружазасы 6 айдан 15 жылға дейін, ал аса ауыр қылмыстар үшiн 20 жылға дейiнгi мерзiмге не өмiр бойына белгiленедi. Қылмыс абайсызда жасалуы мүмкін мұндай жағдайда бас бостандығынан айыру мерзімі он жылдан аспайды. Айыппұл салуды, түзеу, сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру 6 айға жетпейтiн мерзiмге тағайындалуы мүмкiн.

Заңға сәйкес, жаза қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалған кезде бас бостандығынан айыру мерзiмiн iшiнара немесе толық қосқан және осы кодекстің 71-77-баптарының 5-бөліктерінде көзделген жағдайларда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзiмi – 25, ал үкiмдердiң жиынтығы бойынша 30  жылдан аспайды.

 Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы аса ауыр қылмыстар жасағандарға тағайындалады. 18 жасқа толмағандарға, әйелдерге, 63-тегі және ол жастан асқан еркектерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілмейді. Өмір бойына бас бостандығынан айыру кешірім жасау тәртібімен белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.

 Бас бостандығынан айыру жазасы жасалған қылмысқа орай қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен, орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелеріндеөтеледі. Өмір бойына бас бостандығынан айрылғандар қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелеріне жіберіледі. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қоспағанда, бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн 5жылдан аса мерзiмге бас бостандығынан айрылғандарға қылмыстардың қауiптi қайталануы кезiнде жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн, бiрақ, 5 жылдан аспайтын мерзiмді қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалуы мүмкiн. Үкiммен тағайындалған мекеменiң түрін өзгерту ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 96-бабына сәйкес жүргiзіледi.

Біз бұл баптарды неге айтып отырмыз, қылмыстың өтеуі жаза, одан ешкім қашып құтылмайды. Сондықтан, аз ғұмырда ешкімге зияныңды тигізбей, түзу жолмен жүргенге, тәуелсіздігіңді жоғалтпағанға не жетсін! Жағымсыз әдеттен, қылмыстық іс-әрекеттерден аулақ болу жарқын болашаққа кепілдік етеді.

Мәди Камал,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Disney мен Pixar студияларының «Элио» фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге...

Арқанжол қауіпсіздігінің жасырын тұстары

Биіктіктегі құтқару операциялары қалай өтеді? Арқанжол тоқтап қалса не...

За кулисами безопасности канатных дорог

Как проходят спасательные операции на высоте? Что произойдёт, если...

Қылмыстық теріс қылық санатының енгізілуінің жазалар жүйесіне әсері

Қылмыстық заңнаманы қолданудың отандық тәжірибесіндегі қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың...

«SkinCare» мастер-класс

Алматы қаласында орналасқан Жетісу комьюнити орталығында, Боткин көшесі, 18/1 мекенжайында косметолог...