Алакөлде қауіпсіздік – басты назарда

Алакөл – Абай облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның туристік әлеуеті жоғары аймақтарының бірі. Жаз мезгілінде мыңдаған демалушыларды баурап алатын көркем көл жағалауында биыл көптеген жаңашыл жобалар іске асып жатыр. Аймақ әкімдігі мен тиісті органдардың кешенді жұмыстары нәтижесінде туристердің қауіпсіз әрі жайлы демалуына жағдай жасау басты басымдықтардың біріне айналды.
Облыстық бюджеттен бөлінген 1,5 млрд теңгеден астам қаражат есебінен жағалаудағы инфрақұрылым жаңартылуда.
Арбат аймағында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, демалыс аймақтары мен сауда орындарын қамтитын кеңістік құрылуда. Жағалаудың санитарлық жағдайын жақсарту үшін 25 модульдік дәретхана, 35 киіну кабинасы, 50 қоқыс жәшігі, 86 бейнебақылау камерасы орнатылмақ.

Көл маңындағы жолдардың сапасы да назардан тыс қалған жоқ. Жалпы құны 1,09 млрд теңгеге жуық сомаға 21 шақырым жол жөнделіп жатыр. Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жобалық құжаттамасы дайындалуда.
Туристерге қолайлы көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы маусымда Алакөл бағытына авто, әуе және теміржол қатынастары ұйымдастырылады. «Scat» және «Оңтүстік аспан» әуекомпаниялары арқылы аптасына 19 рейске дейін ұшу жоспарлануда. Теміржол бағытында «Семей – Жалаңашкөл» пойызы, ал автокөлікпен 9 бағыт бойынша қатынас қамтамасыз етіледі.
Қауіпсіздік – басты назарда. Жағалауда арнайы оқытылған 10 құтқарушы, 7 мұнара, 7 пирс және буйлармен жабдықталған 5 шақырым жағалау шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, туристерге 45 полиция қызметкері және 14 медицина қызметкері көмек көрсетуге дайын.
Алакөл маңында «Qazaq Oil» жанармай бекетінің ашылуы – өңір тұрғындары мен қонақтарына көрсетілген тағы бір үлкен қолдау.
Алакөл – жайлы демалыс, қауіпсіз орта және заманауи инфрақұрылымның үйлесімді үлгісі.

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...