Абай облысында интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары жүзеге асырылуда

2024 жылы өңірде мыңға жуық адам интернет алаяқтарының құрбанына айналды. Қылмыскерлер алдау тәсілдерін күннен-күнге түрлендіріп келеді: өздерін банк қызметкерлері немесе полиция өкілі ретінде таныстырып хабарласады, мессенджерлерді бұзып кіреді, жалған тауарлар жайлы хабарландырулар жариялайды немесе оңай табыс уәде етіп, инвестицияға шақырады. Негізгі мақсат – азаматтардың ақшасын алдап алу.

Алаяқтықтың кең таралған тәсілдері:
• Жалған қоңыраулар: өзін «банк қызметкері» немесе «полиция қызметкері» деп таныстырып, SMS-кодты немесе ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды сұрайды.
• Мессенджерлерді бұзу: бұзылған аккаунт арқылы таныстарына ақша сұрап хабарлама жібереді.
• Жалған интернет-дүкендер: алдын ала төлем сұрап, алайда тауарды жеткізбейді.
• Инвестициялық алаяқтық: жылдам табыс уәде етіп, азаматтардың қаражатын алып, жоғалып кетеді.

Қалай сақтануға болады:
• SMS арқылы келген кодтарды, карта деректемелерін, құпиясөздерді ешкімге айтпаңыз.
• Ақша сұраған хабарлама келсе, сол адамға өзіңіз қоңырау шалып, нақтылап алыңыз.
• Мессенджерлерде екі факторлы қорғауды іске қосыңыз.
• «Кепілдендірілген табыс» деген уәдеге сенбеңіз – компанияны ресми көздер арқылы тексеріңіз.

Назар аударыңыз – дропперлер туралы:
Дроппер – қылмыстық жолмен алынған ақшалар өтетін банктік шоттарды өз атына рәсімдейтін адам. Бір реттік ақша аударымы да қылмыстық жауапкершілікке себеп болуы мүмкін. Қазақстанда дропперлерге қатысты Қылмыстық кодекс бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Маңызды: Бұл ақпаратты жақындарыңызбен, әсіресе егде жастағы адамдармен бөлісіңіз.
Жаңа алаяқтық схемалары туралы біліп отыру үшін @cybercrime.kz Instagram парақшасына жазылыңыз.

Деректеріңізді қорғаңыз және қашан да сақ болыңыз!

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...