Сенат рақымшылық туралы заңды қабылдады

Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды қабылдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заң Парламент депутаттарының бастамасымен қабылданды. Құжат 2025 жылғы сәуірде жария етілген Президенттің тапсырмасы негізінде әзірленген.

Рақымшылыққа кімдер ілігеді?

  • қылмыстық құқықбұзушылық пен ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар;
  • зиян келтірмей немесе зиян толық өтелген жағдайда орташа ауыр қылмыстар үшін сотталғандар;
  • әлеуметтік осал топтардың өкілдері.

Сонымен қатар, мынадай адамдарға  рақымшылық жасалмайды: сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және басқа да бірқатар ауыр қылмыс жасағандар.

Заң Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс жаңа заң жобалары бойынша жұмысты бастағаны хабарланды. Оның ішінде Конституцияның отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасы да бар еді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.