Алматы жаңа жұмыс кестесіне көше ме? Әкімдік жауабы

Алматы әкімдігі өкілдері қарбалас уақытта кептеліс мәселесін шешу үшін жұмыс кестесі өзгере ме деген сауалға жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Алматыда көлік шамадан тыс көп екенін ескерсек, жұмыс күні басталатын уақыт ауыстырылуы мүмкін бе?» — деп сұрады БАҚ өкілдері.

«Қоғамдық көлік қозғалысының кестесіне, соның ішінде жұмыс күні басталатын уақытқа өзгерістер енгізу әзірге қарастырылып жатқан жоқ», — деді Алматы әкімінің баспасөз қызметі өкілі.

Қарбалас уақытта кептеліс мәселесін шешуге қатысты әкімдік былай жауап берді. Әкімдік мәліметінше, Үкімет Алматы агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіткен.

«Бұл құжат Алматыда, оған іргелес аудандарда әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын үйлестіруге, оны дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, Алматы әкімдігі қоғамдық көлікті дамытып, қала инфрақұрылымын жақсартатын және жеке көліктерді пайдалануды азайтатын шараларды қамтитын кешенді стратегияны іске асырып жатыр», — деп жазылған жауапта.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жаңа жұмыс кестесі жарияланды. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.