№11 мекемедегі  жазалы жасөспірімдер аттестат алды

№3 жалпы білім беретін мектепті бітіріп, аттестат алу – жазалы жасөспірімдер үшін үлкен өмір жолының жауапты кезеңі. 16-маусымда еліміздің барлық мектеп бітірушілері мемлекеттік емтихандарды аяқтап, 18-маусым күні салтанатты түрде аттестат алды. №11мекемедегі жазасын өтеуші жасөспірмдерге де мемлекеттік құжат тапсырылды. 

Салтанатты жиын еліміздің әнұранымен басталды. Ортаға 11 және 9 сыныпты бітіруші түлектер  сынып жетекшілерімен шықты. №11   мекеменің тәрбие бөлімінің  бастығы, әділет подполковнигі Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна мектепті бітіріп жатқан жазалы жасөспірімдерді  мерекемен құттықтап, болашақта жақсы азамат болып шығатындықтарына сенім білдірді.Мектептің оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары Алмазова Людмила Васильевна мен Алиева Айзада Әбдімәдиқызы да жылы лебіздерін жеткізіп, 11-сыныпты бітірген 17-оқушыға, 9-сынып бітрген 4-оқушыға аттестат табыстады.  Жалпы  21-жазасын өтеуші жасөспірім жалпы және негізгі орта білім туралы аттестат алып, қуанышқа бөленді. 11-сыныпты бітірген  5екіпінді оқушы мақтау қағаздарымен және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен  марапатталды. Іс-шара салтанаты концерттік бағдарламамен жалғасты, сондай-ақ мектеп бітірушілер тілектер жазылған  түрлі-түсті шарларды көкке ұшырды. Балалардың өздері темір торлы қоршауда жүрсе де, олардың асқақ армандары жазылған шарлар еш кедергісіз аспан әлеміне жол тартты.

                                                                    №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекке қатысты түсіндірме берді

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды біркелкі...

Апостиль без очередей: как цифровизация меняет систему государственных услуг в Казахстане

В условиях стремительного развития цифровых технологий Республика Казахстан последовательно...

Кезексіз апостиль: цифрландыру Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалай өзгертуде

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында Қазақстан Республикасы...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ– ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру...