Көлік терезесін ашуға қатысты жаңа талаптар

Наурыздан бастап Қазақстанда жолаушыларды көліктің салонынан тыс тасымалдағаны үшін айыппұл салынады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Енді жолаушылар терезеден денесін шығарса немесе қозғалыс кезінде есікті ашса, жүргізушілерге 10 АЕК (2025 жылы 39 320 теңге) айыппұл салынады. Мұндай ереже бұрын да болды, тек мұндай әрекеттер үшін айыппұл қарастырылмаған еді.

Той мен мектеп бітіру кештеріндегі жастардың әрекеті

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, айыппұл жастардың әрекетіне байланысты енгізілген. Оның сөзінше, жаңа ереже ең алдымен азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

Құқық қорғау органдарының қызметкері мұндай қауіпті әрі ерсі қылықтар мектеп бітіру кештері мен тойларда жиі кездесетінін мәлімдеді. Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, бұл әрекет үшін жүргізуші де, жолаушы да жауапты.

Енді не үшін айыппұл салынады?

Әлеуметтік желіде осы мәселеге байланысты түрлі пікір айтылып жатыр: енді терезеден қол шығарғаны үшін айыппұл салынатыны рас па? Терезе ашып темекі шегетіндер не істейді? Сигналдары істен шығып, жүргізуші қолымен сигнал берсе, бұл да заң бұзу ма? ІІМ осы тектес сауалдарға жауап берді.

Ведомство мәліметінше, көліктен денесін шығару дегеніміз – жолаушының көлік қозғалысы кезінде дене мүшелерін (бас, қол және т.б.) көліктен шығарып, сол арқылы жарақат алу қаупін тудыратын, сондай-ақ, жүргізушінің назарын жол қозғалысы кезінде өзіне аудартатын әрекеттері.

Яғни жолаушыларды көліктен тыс тасымалдасаңыз немесе олардың дене мүшесін шығаруына рұқсат етсеңіз, бұл әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда ғана жазаланасыз.

«Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 784-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қараушы судья, орган (лауазымды тұлға) дәлелдерді жан-жақты, толық зерделеп, ішкі сенімімен, заң мен ар-ожданға сүйене отырып бағалайды», – деп толықтырды ведомство өкілдері.

Тоқаев Астанада ТМД елдерінің ЖИ форумын өткізуді ұсынды 

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасатын тұрақты механизм қалыптастыру бастамасын көтерді

Қазақстандағы риелторлар: Олардың табысы қанша және жаңа талаптар не үшін керек? 

Қазақстанда риелторлық қызметті реттеуді күшейту жоспарланып отыр. Тиісті заңнамалық түзетулер пакеті қазірдің өзінде Құрылтайдың қарауына жіберілген.

Алматыда 200-ге жуық жеке үй сүріледі: Қай көшелердегі үйлер бұзылады? 

Алматыда реновация бағдарламасы аясында ескі көпқабатты тұрғын үйлермен қатар жеке үйлерді де бұзу жұмыстары басталды,

Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары халықаралық индекске енуі мүмкін 

Index Watch-Positive мәртебесін беру Қазақстанның халықаралық қаржы нарықтарына интеграциялануы үшін маңызды кезең саналады. Бұл инвесторлар базасын кеңейтіп, шетелдік инвестиция тартуға және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Елімізде жәрдемақы мен оны тағайындау шарты бекітілді

Үкіметтің 2026 жылғы 5 қазандағы қаулысы жәрдемақы тізімі және оны тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарты, жерлеу төлемін бір рет тағайындау шарты бекітілді.