«Мен полицей боламын»: Қызылордада балалар арасында шығармашылық байқау өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі қызметкерлерінің балалары арасында «Мен полицей боламын» атты шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Іс-шара Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті.

Байқауға қатысқан бүлдіршіндер полиция қызметіне деген қызығушылықтарын сурет арқылы жеткізуге тырысты. Шара барысында балалар өз армандарын қағаз бетіне түсіріп, шығармашылық қабілеттерін паш етті.

Байқауға қатысушы Сұлтан Мұстафа өз әсерімен бөлісті:

«Менің анам– полиция қызметкері, сондықтан бұл байқауға үлкен қуанышпен қатыстым. Полиция болу оңай емес, өйткені ол әрдайым көмекке мұқтаж адамдарға жәрдемдесуге дайын тұрады. Қай салаға баратынымды әлі нақты шешкен жоқпын, бірақ болашақта адамдарға көмектескім келеді».

Байқау соңында барлық жас суретшілер алғыс хаттармен марапатталды. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың отансүйгіштік рухын көтеріп, құқық қорғау қызметіне деген құрметін арттыра түседі.

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің (бұдан...

Крах финпирамиды: не случайность, а неизбежность 

С ГРОМКИМ ТРЕСКОМ ОБРУШИЛАСЬ ЕЩЕ ОДНА ФИНАНСОВАЯ ПИРАМИДА. ПОД...

Цена нарушенной безопасности

СУД В ЩУЧИНСКЕ ВЫНЕС ПРИГОВОР ПО ДЕЛУ О ВЗРЫВЕ...

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күні түзеу мекемесінде тойланды

Сотталған азаматшалармен мазмұнды дене шынықтыру-спорттық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру,...