12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы ең қымбат қалалар

Биыл қаңтар-сәуір аралығында елде 124,5 мың пәтер мен үй сатып алынған, бұл былтырмен салыстырғанда 3,9 пайызға көп, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz пен Ranking.kz жасаған сараптамаға сүйенсек, ең қымбат пәтер Алматы мен Астанада.

Биыл сәуірде оңтүстік мегаполистегі жаңа тұрғын үйдегі бір шаршы метр орташа есеппен 621,4 мың теңгеге, қайталама нарықтағы бір шаршы метр 649,6 мың теңгеге жеткен. Бұл — жаңа үйдегі 50 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтер 31 миллион теңге, қолданыстағы тұрғын үйлердегі дәл осындай пәтер 32,5 миллион теңге тұрады деген сөз. Астанада жаңа тұрғын үйдегі осындай пәтерді 29,8 миллион теңгеге, қайталама нарықтағы пәтерді 33,2 миллион теңгеге сатып алуға болады.

Сәуірде тұрғын үйдің орташа бағасы ең жоғары өңірлер рейтингіне Атырау, Шымкент және Семей кірген. Бұл қалалардағы жаңа тұрғын үйдегі бір шаршы метр 450 мың теңгеден жоғары, ал қайталама нарықта 420 мың теңгеден асады.

Қай қалаларда арзан?

Биыл көктемде өңірлер арасында Оралда (284,1 мың теңге), Ақтөбеде (289,7 мың), Көкшетауда (332 мың) жаңа пәтерлер мен үйлер арзан болған. Ал қайталама нарықтағы тұрғын үй Ақтөбе, Көкшетау (333 мың теңгеден) және Қызылордада (217,4 мың) ең төмен бағамен сатылған.

Многоженство: традиция или стереотип? 

В КАЗАХСТАНЕ ВНОВЬ ВСПЫХНУЛИ ПУБЛИЧНЫЕ ДЕБАТЫ О ЛЕГАЛИЗАЦИИ МНОГОЖЕНСТВА...

Пәтерді жалға алу қай жағдайда ипотекадан тиімдірек

Қазақстандықтар жиі тұрғын үйді жалға алу мен ипотека рәсімдеу арасында таңдау жасап жатады. Бірақ бұл таңдау әрдайым анық емес және белгілі бір қаржылық жағдайларға байланысты болады.

7 қарашаға арналған валюта бағамы

ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.

Биыл Қазақстан кітапханаларына 37 млн оқырман барған

Қазақстанда кітап оқуға деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді.

Елімізде тұтынушылық кредитке жаңа шектеулер енгізіледі

Кейбір нормалар былтыр және биыл қабылданған, ал жаңа заңдағы жаңалықтар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.