12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әдеп жөніндегі уәкілдер: мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен адалдық кепілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесінде әдеп, адалдық және ашықтық мәселелері барған сайын өзекті бола түсуде. Осы міндеттерді орындау үшін 2016 жылы Қазақстан Республикасында Әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілді. Бұл институт қысқа мерзім ішінде мемлекеттік басқару жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды.

Әдеп жөніндегі уәкіл – бұл мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылуының алдын алуды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметші. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беріп, олардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңды, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін жәнеәдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережені басшылыққа алады.

Бүгінгі таңда Алматы қаласының мемлекеттік органдарында Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын 33 мемлекеттік қызметші атқарады:

Олардың қатарында:

Мұндай құрылым этикалық мәселелерге жедел әрі тиімді ден қоюға мүмкіндік береді.

Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысы көбіне алдын алуға бағытталған. Олардың негізгі профилактикалық шаралары:

  • мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасында сауалнама жүргізу,
  • жеке консультациялар өткізу,
  • азаматтарды жеке қабылдау,
  • өтініштермен жұмыс,
  • бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде теріс жарияланымдарды анықтау,
  • дәрістер, семинарлар, түсіндіру іс-шараларын өткізу,
  • БАҚ беттерінде мақалалар жариялау.

Бұл шаралар қызметтік әдепті тек міндет емес, ішкі сенім ретінде қалыптастыруға ықпал етеді.

  Қызметтік этика нормаларының сақталуына, сондай-ақ моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында ұжымда 2000 аса қызметші арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері мемлекеттік органдарда тұрақты қолайлы моральдық-психологиялық ахуал орнағанын көрсетті.

Әдеп жөніндегі уәкілдерге жүктелген негізгі функциялардың бірі мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсету болып табылады. 2025 жылғы І-жартыжылдығында Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін қолдану мәселелері бойынша ӘЖУ-мен түсініктеме беру арқылы барлығы 270-ге жуық консультациялық көмек көрсетілді.

Әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі әдептік бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық қаупі жоғары салаларда ерекше маңызды. Бұл бағытта уақтылы әрекет ету жағымсыз салдардың алдын алып, мемлекеттік органдардың беделін сақтауға көмектеседі.

Әдеп жөніндегі уәкілдер Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін мүлтіксіз сақтау қажеттілігін түсіндіруге, сондай-ақ мемлекеттік органның ішкі тәртіп нормаларымен танысуға бағытталған жұмыс жүргізеді. 2025 жылы І-жартыжылдығында 500-ден астам қызметшіні қамти отырып, түсіндіру іс-шаралары жүргізілді.

Ашықтық, заңдылық және кәсіби мәдениет қағидаттарын насихаттай отырып, Әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекет пен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуға үлес қосады.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Әдеп жөніндегі уәкілдерге жүгініп, кеңес ала алады. Әдеп жөніндегі уәкілдердің байланыс нөмірлері мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылған.

Әдеп жөніндегі уәкіл институты – бұл тек бақылау тетігі ғана емес, мемлекет пен қоғам арасындағы сенім көпірі. Бұл құрылым азаматтардың мүддесіне сай әділ және ашық мемлекеттік қызмет жүйесін құруға бағытталған.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 
Алматы қаласы бойынша департаментінің 
Мемлекеттік қызмет саласындағы 
бақылау басқармасының 

бас маманы Д. Олжабаев

Медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Атырау облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті және департаментке...

Антына адал – Еркін Қожахметов

Қызметке адалдық пен тәртіпке жауапкершілік – Қожахметов Еркін Шәкірбекұлының...

«Мен полицей боламын»: Қызылордада балалар арасында шығармашылық байқау өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі қызметкерлерінің...