12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда есту қабілетінен айырылған балаларға кохлеарлы имплант орнатылады

2025 жылы Алматы қаласы бойынша кохлеарлы имплант орнату операцияларына 2,3 млрд теңге қарастырылған. Биылғы жылдың бастапқы 5 айында құлақ мүкісімен туған балаларға МӘМС шеңберінде осындай 36 қымбат ота жасалды. Оған Қор 283 млн теңгеден астам қаржы төледі.
Медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2024 жылы көмектің бұл түрі 277 балаға көрсетіліп, оған жалпы 2,1 млрд теңге төленген. Әрбір отаның құны орта есеппен алғанда 8 млн теңгеге жетіп жығылады.
«Кохлеарлы импланттау — екі құлағы бірдей естімейтін балалардың есту қабілетін қалпына келтіруге бағытталған жоғары технологиялық ота. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің арқасында мұндай қымбат әрі күрделі операциялар Алматыда тегін жасалып жатыр, делінген хабарламада.
Операцияны кімдер жасата алады?
Бұл процедура IV дәрежелі екі жақты кереңдікке шалдыққан, есту аппараттарының көмегі тимейтін балаларға жасалады. Диагноз қаншалықты ерте анықталып, ота мейлінше ерте жасалса баланың толыққанды сөйлеп, әлеуметтік ортамен араласып кету мүмкіндігі де соншалықты жоғарылайды, дейді мамандар.
Анар мен Айлиннің оқиғасы
Анар есімді келіншек пен оның қызы Айлиннің басынан кешкен оқиға заманауи медицинаның адам өмірін қаншалықты өзгерте алатынының айқын дәлелі. Айлинге дәрігерлер кереңдіктің ауыр түрі деген диагноз қойып, кохлеарлы имплант орнатуды ұсынған. Ота жасатып, медициналық қызметтің барлық деңгейлерінен өту үшін отбасы Қарағандыдан Алматыға қоныс аударыпты. Оңтүстік астанадағы №5 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерінің көмегіне жүгініп, портал арқылы салалық клиникаға жатыпты.

«Мен әуелде осындай қымбат отаны тегін жасатуға болады дегенге сенген жоқпын. Қазір қызымның құлағы естиді, сөйлесең қарайды, сөйлеуді де ақырындап үйреніп жатыр. Бұл біздің отбасымыз үшін үлкен бақыт», — дейді Анар.
Ота қайда жасалады?
Алматы қаласында кохлеарлы имплантты екі клиника орнатады:

  1. №5 Қалалық клиникалық аурухана
  2. «С.Д.Асфендияров ат. ҚазақҰМУ» КЕАҚ «Ақсай» балалар орталығы
    Клиникалардың екеуі де тиісті қондырғылармен жабдықталған, кардиохирургтерден бастап, логопед, аудиолог сынды мамандармен қамтамасыз етілген.
    Операция жасату үшін не істеу керек?
  3. Емханадағы учаскелік дәрігерге немесе ЛОР маманның кеңесіне жазылу қажет;
  4. Аудиометрия, КТ, МРТ сынды зерттеулерден өтіп, сурдолог маманның қорытындысын алу керек;
  5. Құжаттарды толық жинап болған соң емхана мамандары науқасты «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталына тіркейді;
  6. Аурухана растағаннан кейін пациент өзі таңдаған клиникаға жіберіледі.
    Диагностикадан бастап медициналық оңалтуға дейінгі аралықтағы қызметтің барлық түрлері МӘМС қаражаты есебінен төленеді.
    «Бұрын мүгедек деген атқа таңылып, ортадан қалып қоятын балалардың дамып, естіп, сөйлеп, бала-бақша мен мектепке барып жүргенін көріп жүрміз. Бастысы – ата-аналар уақытты текке өткізіп алмай, дер кезінде жолдама алса болғаны. Операциядан кейін бала ұзақ мерзімдік реабилитациядан өтеді. Ол клиникалар да осы Алматы қаласында орналасқан», — дейді Алматы қаласының штаттан тыс бас сурдологы Наиля Төлепбекова.

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat финалы басталды

Алматыда ауыл оқушыларының ауқымды білім беру сайысы – IQanat...

Первой криптозоне быть в правовом поле

ПРЕЗИДЕНТ СТРАНЫ АНОНСИРОВАЛ НОВАТОРСКУЮ ПИЛОТНУЮ ПЛАТФОРМУ CRYPTOCITY. НАИБОЛЕЕ ПОДХОДЯЩЕЙ...

АЭС: решение принято 

РОССИЙСКАЯ КОМПАНИЯ «РОСАТОМ» ВОЗГЛАВИТ МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОНСОРЦИУМ ПО СТРОИТЕЛЬСТВУ ПЕРВОЙ АТОМНОЙ ЭЛЕКТРОСТАНЦИИ В КАЗАХСТАНЕ.

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу: Семей қаласында полиция қызметкерлеріне арналған семинар өтті

Абай облысы қылмыстық-атқару жүйесінің №21 мекемесінің инспектор-психологі Оразбаева Әсемгүл...

В Астане двое мужчин устроили ссору на проезжей части — арестованы на 5 суток

Полицейские выявили в социальных сетях видео, на котором двое...