Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу: Семей қаласында полиция қызметкерлеріне арналған семинар өтті

Абай облысы қылмыстық-атқару жүйесінің №21 мекемесінің инспектор-психологі Оразбаева Әсемгүл Оралбекқызының ұйымдастыруымен «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында Семей қаласында семинар-лекция өтті.

Іс-шараға Абай облыстық полиция департаментіне қарасты барлық жеке құрам – учаскелік полиция инспекторлары, жергілікті және ювеналды полиция қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында Әсемгүл Оралбекқызы Семей қаласындағы дағдарыс орталықтарының жұмысына және Қазақстан бойынша отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қатысты статистикалық деректерге жеке тоқталды. Сонымен қатар, №21 түзеу мекемесінде Қылмыстық кодекстің осы бабы бойынша (отбасылық зорлық-зомбылық) сотталғандармен жүргізіліп жатқан психологиялық жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Лекция барысында отбасылық зорлық-зомбылықтың негізгі себептері, оның психологиялық және әлеуметтік салдары кеңінен талқыланды. Бұл мәселенің алдын алу жолдары, әсіресе алғашқы белгілерді тану және тиісті органдардың шұғыл әрекет етуі туралы нақты ұсыныстар берілді.

Семинар интерактивті түрде өтіп, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, түрлі жағдайларды талқылады. Шара соңында қатысушыларға әдістемелік ұсыныстар мен ақпараттық материалдар таратылды.

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...