Иран ядролық қарудан бас тартуға қатысты ресми мәлімдеме жасады

Тегеран Иранда ядролық қару жоқтығына кепілдік беретін келісімге қол қоюға дайын. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи елдегі елшілермен кездесуде мәлімдеді. Кездесу Иран теледидары арқылы тікелей көрсетілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«Біз Иранда ядролық қару болмауын қамтамасыз ететін кез келген келісімге дайынбыз, өйткені біздің ұстанымымыз бойынша, ядролық қаруға тыйым салынған. Бірақ егер келісімнің мақсаты Иранды ядролық құқықтарынан айыру болса, ондай шарттарға біз бармаймыз», – деді Аракчи.

Министр Израильдің Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты ешқандай келісімге немесе дипломатияға мүдделі емес екеніне сенімді екенін жеткізді.

«Израиль ешқандай келісімді, ешқандай келіссөзді, ешқандай дипломатияны қаламайтыны анық. Қақтығыс қызған шақта Иранға қарсы агрессияның жасалуы – Израильдің қандай да бір келіссөздерге қарсы екенін көрсетеді», – деді Иран СІМ басшысы.

Сондай-ақ, ол Иран тек өзін қорғайтынын айтып, Израиль тарапынан шабуыл тоқтаса, Иран да қарсы әрекеттерін доғаратынын мәлімдеді.

«Біз тек қорғанып жатырмыз. Егер шабуыл тоқтаса, біз де жауап беруді тоқтатамыз», – деді ол.
 

Аббас Аракчи АҚШ-тан Израильдің Иранның ядролық инфрақұрылымына жасаған шабуылдарын ашық айыптауды күтетінін айтты.

«АҚШ өз ұстанымын нақты білдіріп, бұл шабуылды шынайы түрде айыптауы тиіс», – деді дипломат.


Сонымен қатар, министр АҚШ-тан әртүрлі арналары арқылы «Вашингтон Израиль шабуылдарына қатыспайды және қатыспақ та емес» деген мазмұндағы хабарламалар алғандарын айтты. Алайда Аракчи Тегеран бұл уәделерге сенбейтінін мәлімдеді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.