Қазақстан футболындағы легионерлерге тыйым мәселесі қарастырылуда

БАҚ пен әлеуметтік желілерде Қазақстанның Бірінші лигасында легионерлерге қойылған тыйым алынып тасталуы мүмкін екені жайлы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еске салсақ, 2024 маусымынан бастап Қазақстан футболындағы екінші деңгейлі лига – Бірінші лигада шетелдік футболшылардың қатысуына толық тыйым салынған болатын.

Осы аптада өткен қазақстандық клубтар басшыларының жиналысында бұл регламентті өзгерту мәселесі талқыланған. Егер клубтың жеке қаржыландыру көзі болса, үш шетелдік ойыншыны тіркеуге рұқсат беру ұсынысы айтылған.

«Бұл мәселе клуб басшыларымен өткен жиында талқыланды, бірақ әлі ресми шешім қабылданған жоқ. Тек пікір алмасу болды», – деді Tengri Sport тілшісіне кәсіби клубтар арасындағы жарыстар дирекциясының менеджері Дастан Ғаббасов.

Айта кетейік, 2025 жылдың сәуірінде Қазақстан Президенті заңға қол қойып, енді елімізде шетелдік футболшыларға мемлекеттік және квазимемлекеттік бюджет есебінен жалақы төлеуге тыйым салынды.

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі бұл заң қабылданар алдында түсініктеме беріп, легионерлер қазақстандық спортта қалуы үшін клубтардың олардың еңбекақысын төлеуге дайын жеке демеушілер табуы қажет екенін айтқан.

Еске сала кетейік, Қазақстан Премьер-лигасында да легионерлерге шектеу бар – әр командада 12-ден аспауы тиіс. Бұл шектеуге қатысты өзгерістер туралы әзірге мәлімет жоқ. Бұған дейін Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Сәкен Мұсайбеков 2025/2026 маусымынан бастап чемпионаттағы командалар легионерлерге тек демеушілер есебінен жалақы төлей алатынын және әр командада 5-тен артық шетелдік хоккейші болмауы тиіс екенін мәлімдеген.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.