Бас прокуратура Бишімбаевқа рақымшылық мәселесіне қатысты жауап берді

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың рақымшылыққа ілігу-ілікпеуі жөніндегі сұраққа Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Чиндалиевтің айтуынша, адам өліміне алып келген қылмыстар рақымшылыққа жатпайды.

«Ілікпейді (Бишімбаев – ред.). Біз жаңа ғана депутаттармен жол апаттары жөнінде талқыладық. Олар: «Жол апаты салдарынан адам қаза тапқан жағдайда, бірақ ол абайсызда болса, рақымшылық қолдануға бола ма?» деп сұрады. Алайда заң жобасын әзірлеушілердің ұстанымы – адам өліміне себеп болған кез келген қылмыс рақымшылыққа жатпайды», – деді Чиндалиев Мәжіліс кулуарында.


Еске салайық, былтыр 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша сот үкімі шыққан болатын. Сот Қуандық Бишімбаевты өзінің жұбайын азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 24 жылға бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, Мәжіліс амнистия туралы заңды қабылдады. Оның нәтижесінде мыңдаған сотталған адам бостандыққа шығуы мүмкін.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.