Алматы метросының жаңа желісі барахолка арқылы өтеді

Алматы метросы Алатау қаласына дейін ұзартылмақ, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алматы метросының жаңа желісі барахолка арқылы өтеді.

Мемлекеттік сатып алу сайтында Алматы метрополитенінің үшінші желісін салуға арналған технико-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеу туралы хабарландыру жарияланды. Жаңа желі екі учаскеден тұрады.

Бірінші учаске: «Мизамнан» «Сайранға» дейін

Техникалық сипаттамаға сәйкес, бұл бағыт «Мизам» базарынан басталып, Сайран станциясына дейін созылады. Жолдың бағыты — «Мизам» базарынан басталып, одан әрі Солтүстік айналма жолы бойымен Рысқұлов даңғылына дейін жалғасады. Кейін Тілендиев көшесі бойымен оңтүстік-батысқа және оңтүстікке қарай жүріп, «Сайран» станциясына дейін барады.

Станция №1 – «Ялян» базары маңында, Солтүстік айналма жолының бойында;
Станция №2 – «Адем» сауда орталығы маңында, Солтүстік айналма жолының бойында;
Станция №3 – Райымбек даңғылы мен Тлендиев көшесінің қиылысында;
Станция №4 – Төле би мен Тлендиев көшелерінің қиылысында;
Станция №5 – Абай даңғылы мен Тлендиев көшесінің қиылысында, бірінші желіге ауысу мүмкіндігімен.
 
Бұл учаскенің екі жолақты ұзындығы – 8,4 шақырым.

Екінші учаске: Алатау мен «Мизам» базарын қосады

Жол Алатау қаласынан басталып, «Мизам» базарына дейін жетеді. Маршрут «Солтүстік» Көлік торабынан басталып, А-3 магистралі бойымен улицы Бурундайская көшесіне дейін барады. Кейін Солтүстік айналма жолымен «Мизамға» дейін жалғасады.

Станциялар:

Станция №1 – Gate City кешені жанында, «Солтүстік» көлік-хабы аумағында орналасқан;
Станция №2 – Кемел шағын ауданының маңында;
Станция №3 – Солтүстік айналма жолы мен Бурундай көшесінің қиылысында;
Станция №4 – Солтүстік айналма жолы бойында, Сауда өткелімен қиылыста орналасқан;
Станция №5 – Солтүстік айналма жолының бойында, әскери бөлімге жақын жерде орналасқан;
Станция №6 – «Кенжехан» базарының маңында;
Станция №7 – «Мизам» базарының ауданында орналасқан;
Электродепо – «Солтүстік» көлік-хабының солтүстігінде орналасады.
Екі жолақты учаскенің ұзындығы – 13,1 шақырым.

Жоба аясында не қарастырылған?

ТЭН әзірлеушілері құрылыс алаңдарын нақтылап, жолаушылар ағынының болжамын көрсетуі тиіс. Жобаның тапсырыс берушісі – Алматы Қалалық мобильділік басқармасы. ТЭН 2026 жылғы 31 мамырға дейін дайын болуы керек.

Жобалау Алматы әкімдігінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі №2/329 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Әкімдік не дейді?

Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауап берген Алматы әкімдігі мәліметінше, қазіргі уақытта «Сайран» станциясынан Алатау қаласына дейінгі үшінші метро желісінің ТЭН әзірлеу бойынша байқау өткізіліп жатыр.

«Инвестиция көлемі, қаржыландыру көздері, техникалық параметрлер, станциялардың орналасуы мен құрылыс мерзімі ТЭН бекітілгеннен кейін белгілі болады», – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.