12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты

4 маусым – Қазақстанда маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді. Осыдан тура 33 жыл бұрын Елтаңба, Ту және Әнұран – тәуелсіз мемлекеттің егемендігінің, бостандығының және бірегейлігінің ажырамас белгілері ретінде бекітілді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл жай ғана ресми атрибуттар емес. Олар – миллиондаған қазақстандықтарды біріктіретін, ұлы мемлекетке тиесілілік сезімін нығайтатын және ұрпақтар сабақтастығын жеткізетін көрнекі әрі дыбыстық бейнелер.

Бүгін Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен оған қарасты мекемелердің қызметкерлері Мемлекеттік Туды көтеру бойынша салтанатты рәсімге қатысты.

Семей қаласының орталық алаңына мемлекеттік рәміздерге жай ғана атау ретінде емес, Отанға деген сүйіспеншіліктің, елге деген терең құрмет пен мақтаныштың көрінісі ретінде қарайтын азаматтар жиналды. Мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер мен полиция қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар — қолына шағын тулар ұстаған әрбір адам өз елінің үлкен тарихына қатыстылығын сезінді.

— Мемлекеттік рәміздер күні – әрқайсымызға отансүйгіштіктің, еліміздің тарихы мен мәдениетіне деген құрметтің маңыздылығын еске салады. Мұндай іс-шаралар бұл сезімді жаңа ұрпаққа жеткізуге көмектеседі, — деп атап өтті Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің заң тобының бас маманы Әсем Әскербек.

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

Проектный офис по строительству студенческих общежитий города Алматы приглашает...

Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Алматы қаласындағы студенттік жатақханаларды салу жөніндегі жобалық кеңсе инвесторларды...

В Алматы проходит обучение молодежи навыкам безопасного поведения при ЧС

Управление молодежной политики города Алматы совместно с Департаментом по...

Сейсмикалық қауіпсіздік: Алматы жастары төтенше жағдайларға дайындықты меңгеруде

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті...

Молодежный совет: новый импульс для развития алматинской молодежи

С начала года во всех комьюнити-центрах нашего города проходят...