Елімізде әкімдерге жаңа өкілеттіктер беріледі

Қазақстанда «ерікті» және «өзін-өзі қорғауды қалыптастыру» ұғымдары енгізіліп жатыр. Тиісті заңды 5 мамырда Сенат депутаттары қарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңда аумақтық қорғаныстың мақсаттары, міндеттері, қағидаттары анықталған, Президенттің, Үкіметтің, Қорғаныс министрлігінің өкілеті бекітілген. Сондай-ақ, құжатта Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің құзыреті, сондай-ақ, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалған.

Сенаттың жалпы отырысында депутат Марат Қожаев аумақтық қорғаныс туралы заңға әкімді аумақтық қорғаныстың басшысы етіп белгілейтін бап енгізілетінін айтты.

«Заңға сәйкес Қорғаныс министрлігі аумақтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган ретінде аумақтық қорғанысқа дайындық пен оны жүргізу қағидаларын әзірлейді, аумақтық қорғаныс нысандарының тізімін анықтайды, аумақтық әскерді қару-жарақпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ, қаралып отырған салада мемлекеттік бақылау жүргізеді. Сонымен қатар, осы заңның 13-бабында әкім тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумақтық қорғанысының басшысы саналады, оған қоса оның ұйымдастырылуы мен жай-күйіне жауапты екені белгіленген», – деді Қожаев.

Сенат депутаттары заңды екі оқылымда қарап, оны мақұлдауға дауыс берді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.