Қазақстанда кімдерге рақымшылық жасалуы мүмкін?

Мәжіліс жаңа заң жобалары бойынша жұмысты бастады. Оның ішінде Конституцияның отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасы да бар, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат Абзал Құспан сотталғандар ішінде кімдерге рақымшылық жасалуы мүмкін екенін айтты.

«Әзірге бірдеңе деуге ертелеу, бірақ бұл заң жобасына депутаттар бастама жасады. Қаңтарда Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Үкіметке депутаттық сауал жолдады, Үкімет те қолдады. Содан кейін заң жобасын әзірлеп, Үкіметтің қорытындысына жібердік», — деп түсіндірді депутат.

Мәжілісменнің айтуынша, ең алдымен сотталғандар ішінен осал санаттар рақымшылыққа ілігуі мүмкін.

«Олар — зейнеткерлер, кәмелетке толмағандар, бала тәрбиелеп отырған әйелдер, қылмыс жасалған кезде балаларын жалғыз тәрбиелеген ер адамдар және т.б. Қоғамға қауіп төндірмейтін адамдар», — деді депутат Абзал Құспан.

Қаржыға байланысты қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға рақымшылық жасалуы мүмкін бе?

«Ұрлық пен алаяқтық бойынша залалды өтеген жағдайда оларға да рақымшылық жасалуы мүмкін», — деп жауап берді депутат.

Еске салайық, бұған дейін депутат Қарақат Әбден сотталған әйелдерге рақымшылық жасауды ұсынды. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.