12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №79 мекемесінде ашық есік күні өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №79 мекемесінде ерекше шара өтті. Мерекеге орай сотталғандардың балалары мен туыстарына арналған ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жазасын өтеуші азаматшалардың қоғаммен және отбасымен байланысын нығайту, олардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау және балалардың ата-аналарымен кездесуге мүмкіндік беру. Ашық есік күні аясында сотталған азаматшалар өз балаларымен және жақындарымен арнайы дайындалған аумақта кездесті.
Мекеме әкімшілігі балалар үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырып, тәттілер мен ойыншықтар таратты. Балалар көңілді ойындарға қатысып, ата-аналарымен жылы жүздесіп, ерекше қуанышқа бөленді. Сотталғандар да бұл кездесуді асыға күткенін айтып, балаларымен жүздесу олардың рухани жағдайына оң әсер ететінін жеткізді.


Мекеме бастығы іс-шара барысында:
«Біз үшін жазасын өтеуші азаматтардың отбасымен байланысын үзбеуі – маңызды мәселе. Осындай шаралар олардың түзеліп, қоғамға қайта оралуына көмектеседі. Балалар мен ата-аналардың жүздесуі – рухани қолдау әрі мотивация», – деп атап өтті.
Ашық есік күні жазасын өтеушілер мен олардың отбасылары үшін үлкен маңызға ие болды. Балалар үшін бұл күн – тек мереке емес, сондай-ақ ата-аналарымен бірге өткізілген баға жетпес сәттердің бірі болды.

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын тіс емдеуге қолдана алмайды

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 15 ақпандағы "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл өзгерісте зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салу көзделеді.

Қазақстан Парламентінің болашағы туралы

Президент бір палаталы Парламентке көшу мәселесін талқылауды ұсынды. Бұл...

Қызылорда облысында ҚАЖД мекемесіндегі кірпіш шығаратын кәсіпорында 50-ге жуық сотталған еңбек етеді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД мекемесіндегі кірпіш шығаратын кәсіпорында 50-ге...

ДЕЙСТВЕННЫЕ ИНСТРУМЕНТЫ РЕШЕНИЯ ПРОБЛЕМ

ЖИВЯ В ДЕМОКРАТИЧЕСКОМ, СВЕТСКОМ И ПРАВОВОМ ГОСУДАРСТВЕ, ГРАЖДАНЕ ЧАСТО...

Балалар колониясында Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесінде  кәмелетке толмаған...