Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері бүлдіршіндермен бірге әнұранды орындады

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері бүлдіршіндермен бірге әнұранды орындады, — деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында бүлдіршіндерге патриоттық тәрбие беру мақсатында ерекше шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында ҚАЖД қызметкерлері балабақша тәрбиеленушілерімен бірге әнұранды орындап, жас буынға отансүйгіштік пен патриоттықтың жарқын үлгісін көрсетті. Балалар мемлекеттік әнұранды зор ынтамен, мақтаныш сезіммен орындап, қызметкерлермен бірге қолдарын жүрек тұсына қойып, бірлік пен елге деген сүйіспеншілікті паш етті. Мұндай бірлескен патриоттық сәттер кішкентайлардың жүрегінде елге деген ерекше құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға сеп болады. Іс-шара барысында бүлдіршіндерге мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы туралы танымдық сұрақтар қойылып, белсенділік танытқандарға шағын сыйлықтар табысталды. Бұл балалардың мемлекеттік нышандарға деген қызығушылығын арттырып, олардың бойына патриоттық тәрбие берудің тиімді тәсілдерінің біріне айналды. ҚАЖ департаментінің қызметкерлері бұл игі бастаманы дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр. Олардың айтуынша, ел болашағы саналатын жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті ерте жастан қалыптастыру – қоғамның тұрақтылығы мен елдің жарқын келешегі үшін маңызды міндет.

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...