12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Рубик текшелерінен жасалған Елтаңба: «Жастар Рухы» Астана төрінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық акция өткізді

Мемлекеттік рәміздер күніне орай «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Kazakhstan Speedcubing Federation командасымен бірлесіп Астанада ерекше патриоттық акция өткізді. Олар Елордадағы Нұржол бульварында үш мыңнан астам Рубик текшелерінен Мемлекеттік Елтаңба бейнесін жасады.

«Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерованың айтуынша, мұндай креативті акциялар отандастарымыздың елге деген мақтаныш сезімін ояту, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін нығайту және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

«Мемлекеттік Елтаңбаның мән-мағынасы тереңде жатыр. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы тарлан тарихы көрініс тапқан. Шаңырақ – бейбітшілік пен келісімді, тұлпар – қуат-күш пен еркіндікті, ал бес бұрышты жұлдыз – болашаққа деген көзқарасымызды бейнелейді. Біз қалыптан тыс тәсілдер арқылы патриотизм құндылықтарын насихаттауға тырысамыз. Жастарымыз Мемлекеттік рәміздермен рухани байланыс барын сезініп, оларды мақтан тұтса екен дейміз. Осындай акциялар азаматтардың Отанға деген сүйіспеншілігін, ел ертеңіне деген жауапкершілік сезімін оятады», – деді ол.

Көлемі 4×3 метрлік панноны құрастыруға үзіліссіз 10 сағат уақыт жұмсалды. Әр текше алдын-ала тексеріліп, түс алгоритміне сәйкес таңдалды. Нәтижесінде Тәуелсіз Қазақстанның символына айналған Елтаңбаның дәлме-дәл, пиксельді бейнесі әзірленді. Спидкубинг чемпионы және Kazakhstan Speedcubing Federation ұйымының жетекшісі Әлихан Ертұрсынның айтуынша, мұндай жобалар аса жоғары зейін мен команданың үйлесімді жұмыс істеуін талап етеді. 

«Эскиз жасау жұмысын алдын ала бастадық: арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен Елтаңбаның пиксельді үлгісін әзірлеп, оны бөліктерге бөлдік. Мұндай ауқымды дүниені құрастыру жұмысы – аса жоғары жауапкершілік. Алайда бұл біздің алғашқы тәжірибеміз емес. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше әрі әсерлі туынды сыйлай алғанымызды мақтан тұтамыз. Жалпы, Рубик текшесі – ақыл-ойды, моториканы, қимыл-қозғалысты үйлестіруге және барынша зейінді болуға арналған таптырмас жаттығу құралы», – деді ол.

Айта кетейік, «Жастар Рухы» жастар қанаты өскелең ұрпақ арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды дәстүрлі түрде өткізеді. Мәселен, зияткерлік сұрақ-жауаптар, әлеуметтік желілерде челлендждер, флешмобтар, мерекелік концерттер және ел жастарын бірліктің, Тәуелсіздіктің және Отанға деген сүйіспеншіліктің негізгі идеялары төңірегінде топтастыратын креативті акциялар ұйымдастырады.

Қазақстанда алғаш рет қасиетті жәдігерлер көрмесі өтті: дінаралық диалогтың жаңа парағы ашылды

2025 жылдың 1 тамызында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және...

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...

Мойынқұмда табиғатты сүю – тәрбие бастауына айналды

Жасыл желекке оранған табиғат — адамзаттың алтын бесігі. Ал...

ПАТРИОТИЗМ – ҰЛТ ТІРЕГІ

Бүгінгі қоғамда патриотизм ұғымы түрлі мағынада қолданылып жүр. Бірі...

Жетісуда атақты қобызшы Молықбай Байсақұлына алып ескерткіш орнатылмақ

Ақсуда атақты қобызшы Молықбай баба аруағына алып ескерткіш орнатылмақ....