Шегірткелердің негізгі ошағы табылды — Ауыл шаруашылығы министрлігі

Шегірткелердің негізгі ошағы табылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері қырғыз мамандарымен бірлесіп, шегіртке таралу ошақтарын бақылау үшін шекаралас аумақтарды тексеруді бастаған. Бұған дейін Өзбекстанмен шекарада осыған ұқсас іс-шаралар жүргізілген. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді. 

Вице-министрдің мәліметінше, Өзбекстанмен шекаралас аумақтардан мароккалық және басқа да топтасатын шегіртке ошақтары анықталмаған.

«Бүгін қырғыз тарапымен бірлескен тексерісті бастадық. Шегіртке зиянкестерінің негізгі ошақтары Қырғызстанның оңтүстік аймақтарында шоғырланған. Алайда жәндіктердің Қазақстан бағытына таралу қаупі тіркелмеген», — деді Ермек Кенжеханұлы.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясымен шекарада да тексерістер жалғасып жатыр. Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы шекаралас учаскелер тексерілген, мұнда шегіртке зиянкестерінің таралуы анықталмаған.

«Алдағы күндері, маусымның бірінші және екінші онкүндігінде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында осыған ұқсас іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Қытайдың шекаралас аймақтарына келетін болсақ, шегірткенің таралуы туралы ресми расталған жағдайлар тіркелмеді», — деп жазылған хабарламада.

2 маусымдағы жағдай бойынша 6,1 млн гектар аумақ тексерілген, бұл жоспарланған көлемнің 35,6%-ы болады. 1 млн гектардан аса аумақ өңделеді, оның 971,5 мың гектары өңделген. Қазір өңдеу жұмыстары 15 облыста жүргізіліп жатыр.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.