12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы түсуі мүмкін – Вице-министр

Қазақстанда кейбір дәрі-дәрмектердің бағасын қайта есептеу басталды. Баға белгілеу моделі өзгеруіне байланысты дәрі-дәрмектің құны төмендеуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Дәрілерге баға белгілеу моделі өзгерді. Негізсіз қойылған бірқатар үстеме баға алып тасталды», — деді Нұрлыбаев ОКҚ брифингінде.

Шенеуніктің айтуынша, маркетинг, көлік, кеден және басқа да үстемақылар алып тасталған. Енді бір ғана үстемеақы қолданылады, яғни өндірушінің бағасына ғана қосылады.

«Үстеме баға дәріні өндіруші зауыттың құнына ғана қосылады. Осы модель сыналғанын ескере отырып, 1 шілдеге дейін Қазақстан аумағында тіркелген дәрі-дәрмектер қайта есептеледі», — деді ол.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшылары Тоқаев пен қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысының атына Құрбан айт мерекесіне орай келіп түскен құттықтау жеделхаттары.

Елімізде әкімдерге жаңа өкілеттіктер беріледі

Қазақстанда "ерікті" және "өзін-өзі қорғауды қалыптастыру" ұғымдары енгізіліп жатыр.

Болгария президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

8-9 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді.

Құрбан айт мерекесі 2025: демалыс күндері қалай белгіленді?

Маусымда Қазақстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі - Құрбан айт атап өтіледі.