4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні

Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл күн «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңда мемлекеттік мереке ретінде ресми түрде бекітілген. 4 маусым Қазақстанда 2007 жылдан бері тойланып келеді.

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Оларға Ту, Елтаңба және Әнұран жатады.

«Мемлекеттік рәміздер — кез келген мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін білдіретін ажырамас атрибуттарының бірі», — деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер күні Астанада, Алматыда және Қазақстанның басқа да өңірлерінде салтанатты іс-шаралар өтеді. Іс-шара мемлекеттік Туды көтеруден және Әнұранды орындаудан басталады.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.