Шерзат ісі бойынша сот процесі: прокурор қандай жаза талап етті?

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай жарыссөз кезінде қылмыстың барлық мән-жайын тағы бір рет еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін айыпталушылардың кейбірі өз кінәсін мойындамады, ал кейбіреулері бұрын сотты болған.

Барлық мән-жайды ескере отырып, прокурор соттан айыпталушыларға мынадай үкім шығаруды сұрады:

  • Абзал Шынасыл — 23 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Равиль Сакиев — 20 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Азамат Тоқтаубаев — 15 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Нұрқияс Ілиясов — 9 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Шыңғыс Белғожаев — 7 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Нұрбол Тоқтаубаев — 7 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Дархан Әскентай — 7 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Дидар Қалиахмет — 7 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Думан Ысқақ — 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру.

Шерзат ісі бойынша сот отырысы

2025 жылы 10 cәуірде Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі басталды. Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы тікелей эфирден көрсетіледі.

Бұған дейінгі сот отырыстарында жәбірленуші тарап өкілдері, яғни марқұмның әжесі, ата-анасы, одан бөлек куәгерлер сөйледі.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.