Жетісу облысында жер сілкінісі болды

Жетісу облысында жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінісі 29 мамырда Астана уақытымен сағат 02:14-те Жетісу облысы Ақши ауылының маңында тіркелді.

ТЖМ мәліметінше, жер асты дүмпуі сезілмеген.

«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылынан 11 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 478 шақырым жерде», — деп жазылған ведомство хабарламасында.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.