АБАЙ ОБЛЫСЫ
Абай облысында өткен Судьялар Одағының шығыс өңірі бойынша XI спартакиадасына Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ұлытау және Абай облыстарының соттарынан құрылған командалар қатысты. Спартакиаданың ашылу салтанатына Судьялар одағының Орталық кеңесінің мүшесі Әуезнұр Қаженов, Абай облысының әкімі Берік Уәли, Абай облыстық сотының төрағасы Қайрат Чақпантаев, сондай-ақ Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстарының сот төрағалары қатысты. Судьялар одағының Орталық кеңесінің мүшесі Әуезнұр Қаженов мұндай іс-шаралар аймақтық соттар арасындағы командалық өзара әрекеттестікті нығайтып, сот жүйесі қызметкерлерінің жоғары мотивациясын сақтауға ықпал ететінін атап өтті. Қатысушыларды құттықтай келе, Абай облысының әкімі Берік Уәли осындай бастамалардың сот жүйесінде кәсіби және командалық рухты нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. «Сот жүйесі – мемлекет тұрақтылығының тірегі, ал сіздердің еңбектеріңіз – халық сенімінің негізі. Баршаңызға жарқын жеңістер, шынайы эмоциялар және жоғары жетістіктер тілеймін!» – деді әкім. Абай облыстық сотының төрағасы Қайрат Чақпантаев судьялар қауымдастығы атынан құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушылар мен қонақтарды қарсы алып, оларға сәттілік тіледі. – «Спартакиада – бұл жай ғана жарыс емес. Бұл – судьялар мен сот қызметкерлері кәсібінің құндылықтарына деген құрметтің, салауатты өмір салтын ұстанудың және ұйымшылдықтың жарқын үлгісі», – деді облыстық сот төрағасы. Қызу тартыс жағдайында соттардың құрама командалары 9 спорт түрі бойынша іріктеу жарыстарына қатысты. Волейбол бойынша I орынды Абай облысы, II орынды Шығыс Қазақстан, III орынды Павлодар облыстық сотының командасы иеленді. Шағынфутбол бойынша I орынды Абай облысы, II орынды Қарағанды облысы, III орынды Павлодар облысының соттар командасы жеңіп алды. Арқан тарту бойынша I орынды Шығыс Қазақстан облысының соттар командасы, II орынды Абай облысы, III орынды Павлодар облысының соттары иеленді. Бильярд жарысында I орынды Қарағанды облысының соттары, II орынды Павлодар облысы, III орынды Шығыс Қазақстан облысының командасы алды. Үстел теннисі бойынша ерлер арасында I орынды Шығыс Қазақстан облысы, II орынды Абай облысы, III орынды Павлодар облысы иеленді. Әйелдер арасында I орын – Қарағанды облысы, II орын – Павлодар облысы, III орын – Шығыс Қазақстан облысы. Үлкен теннисі бойынша I орынды Шығыс Қазақстан облысы, II орынды Павлодар облысы, III орынды Қарағанды облысының соттар командасы алды. Шахмат жарысында ерлер арасында I орынды Шығыс Қазақстан, II орынды Ұлытау, III орынды Қарағанды облысының судьялары иеленді. Әйелдер арасында I орын – Абай облысы, II орын – Павлодар облысы, III орын – Қарағанды облысы соттарына бұйырды. Дойбы жарысында ерлер арасында I орынды Қарағанды, II орынды Абай, III орынды Павлодар облысы иеленді. Әйелдер арасында I орын – Қарағанды, II орын – Ұлытау, III орын – Абай облысының командалары алды. Тоғызқұмалақ жарысында ерлер арасында I орынды Ұлытау облысы, II орынды Абай облысы, III орынды Қарағанды облысы жеңіп алды. Әйелдер арасында I орын – Абай облысы, II орын – Қарағанды облысы, III орын – Павлодар облысының су — д ь я л а р ы н а берілді. Жекеле — ген номинациялар бойынша үздік спортшылар анықталды. Волейбол бойынша: «үздік ойыншы» – Әсел Қиянбекова, «үздік доп беру» – Абдығали Тлеубергенов, «үздік қорғаушы» – Марат Мусабаев. Шағынфутбол бойынша: «үздік қақпашы» – Амангелді Муслимов, «үздік қорғаушы» – Дидар Байниязов, «үздік шабуылшы» – Сержан Ермеков. Үстел теннисі бойынша: ерлер арасында – Бақытбек Шайзадаев, әйелдер арасында – Зауре Монбаева. Үлкен теннис бойынша: ерлер арасында «ең техникалық ойыншы» – Марат Молдагелдин. Шахмат бойынша: «үздік партия» – Еркінбек Садықов, әйелдер арасында – Нина Годлевская. Дойбыдан: «үздік партия» – Рақымқұл Турабаев. Тоғызқұмалақ бойынша: әйелдер арасында «үздік ойыншы» – Раушангүл Байжуманова. Іс-шара соңында Абай облыстық сотының төрағасы Қайрат Чақпантаев барлық қатысушылар мен қонақтарға алғыс айтып, судьялар спартакиадасының сот жүйесінде спорт пен дене шынықтыруды дамытудағы маңызын атап өтті.
Абай облыстық сотының баспасөз қызметі