«Судьялар спартакиадасы – еліміздің сот жүйесінде қызмет ететін азаматтардың достығын, кәсіби ынтымақтастығын және бірлігін көрсететін маңызды іс-шара»

Досжан ӘМІР, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, ҚР Судьялар одағының төрағасы:

Құрметті әріптестер!

Баршаңызды 22-24 мамыр аралығындағы Судьялар одағының жиырма екінші жыл өтіп жатқан XI спартакиадасының сәтті өтуімен шын жүректен құттықтаймын! Судьялар спартакиадасы – бұл тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар еліміздің сот жүйесінде қызмет ететін азаматтардың достығын, кәсіби ынтымақтастығын және бірлігін көрсететін маңызды іс-шара. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесін насихаттау, белсенді өмір сүру мәдениетін дамыту – бұл спартакиаданың басты мақсаттарының бірі. Сонымен қатар, бұл шара әріптестер арасындағы рухани байланысты нығайтып, сот жүйесінің адамгершілік және қоғамдық біртұтастығын айқындайды. Осы жолғы спартакиада өзінің ауқымдылығымен, жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен және қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленді. Бұл – бір жағынан кәсіби қауымдастықтың сергектігі мен ұйымдасқандығының белгісі болса, екінші жағынан – еліміздің сот жүйесінің ішкі бірлігі мен берік ынтымақтастығының айғағы. Аталған іс-шараның ұйымдастырылуына айрықша үлес қосқан Жамбыл, Ақтөбе, Абай және Ақмола облыстарының Судьялар одағы филиалдарының төрағалары мен облыстық сот төрағаларына ерекше ризашылығымды білдіремін. Олар ұйымдастырушылық қабілеттерін, бастамашылдығын және салауатты өмір салтына деген шынайы қызығушылығын көрсетіп, спартакиаданың жоғары деңгейде өтуіне айтарлықтай ықпал етті. Сонымен қатар, жарыстың табысты өтуіне бірлікпен жұмыла атсалысып, бастамашы әрі ізгі іске ұйытқы бола білген барлық облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларына, әділ төрелік танытқан төрешілер құрамына, әр команданың белсенді қатысушыларына және техникалық-ұйымдастырушылық топқа ерекше алғысымды айтамын. Сіздердің бірлескен еңбектеріңіз – сот жүйесіндегі азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рухтың үлгісі. Бірлік пен ынтымақты паш еткен бұл спартакиада – кәсіби ортадағы мәдениеттің, әділдік пен сыйластықтың айқын белгісі болды. Осындай шаралар арқылы біз тек спорттық белсенділік танытып қана қоймай, кәсіби әлеуетімізді де арттыра түсеміз. Бұл – еліміздің сот жүйесі үшін зор маңызы бар қадам. Ал енді іріктеу ойынында жеңіске жеткен командаларды құттықтай отырып, сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, қызметтеріңізде толағай табыстар тілеймін. Отбасыларыңызға амандық, бала-шағаларыңызға шаттық, алдарыңыздан тек жарқын жолдар ашылсын! Сондай-ақ, алдағы күз айында Шымкент қаласында жеңімпаз командалар арасында финалдық ойындар өткізу жоспарланып отыр. Баршаңызды осы финалдық ойынға атсалысуға шақырамыз. Келесі финалдық спартакиадада қайта жүздескенше, құрметті әріптестер!

Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстанның ұлттық статистикалық...

«Бүркітші» dark-триллерінің тұсауы кесілді

Алматыда қазақстандық режиссер Қуаныш Стахановтың «Бүркітші» фильмінің тұсаукесері өтті....

Сот төрелігінің ашықтығы – қоғам сенімінің негізі

Сот жүйесіне деген қоғамдық сенім – құқықтық мемлекеттің маңызды...

OTBASY FEST — ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕГЕН МЕРЕКЕ

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Триатлон саябағында отбасы...

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...